Домой / Новости / Город / АБАЙ ЖОЛЫ- ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

АБАЙ ЖОЛЫ- ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

 Семей. 15.01. “Semeyainasy” – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына арналған отырыс өтті.

Аталған отырысқа қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев, Әнет баба атындағы Қос мұнаралы орталық мешіттің бас имамы А.Мұқанов, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының директоры Б.Мусин, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің және Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің ғалымдары, оқытушылары және мәдениет саласының мамандары, мектеп ұстаздары қатысты.

Талқыланған негізгі мәселе ұлы Абайдың 175 жылдық мерей тойында атқарылатын негізгі дүниелер және Президенттің жолдауындағы баса назар аударатын құнды дүниелерді дәріптеп іске асыру жолдар қарастырылды. Сонымен қатар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің алдағы мерей тойға дайындығымен, атқарылатын тың дүниелері таныстырылды. Алдағы уақытта Абай музейі жөндеуден өтіп, жаңа экспазитциямен жаңғыртылатын болады. Жаңа жоба бойынша мүзей жаңа бағытта, қазіргі заманауи талаптарға сай, әлемдік деңгейдегі музейлердің бірі болады деген жоспар бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар Жидебайдағы Абай, Шәкәрім кесенесі, Шәкәрімнің саят қорасы, Абайдың мүзей үйінен кесенесіне дейінгі жолдарды абаттандырудың барлығы жоспарда қамтылған.

Ұлы Абайды заңғар Әуезовты дүниеге әкелген ұлылар мекенін, ұлттың кіндігі байланған Семей қаласын тілге тиек етіп, баса назар аудара кеткенді жөн көрген мемлекет басшысы:  Семей өңірі қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі, Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн, осыған орай шаһардағы әлеуметтік экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз.

Мерейтой қарсаңында Абайдың қастерлі мекені Жидебайды абаттандырып, ұлы ақынға тағызым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасалу керектігін көрсетті.

Президенттің жолдауындағы өзгеде мәселелерді Абай музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева, Халықаралық байланыстар факультеті деканының орынбасары А.Жүндібаева, Т.Аманов атындағы №16 мектеп мұғалімі Г.Кунафина, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Н.Өтепбаев, Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Семей қаласының бас имамы Асқар Әбітайұлы ортаға салып, қатысушы қонақтармен пікір алмасты.

Нұрзат   Ғалбият

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

3,2 миллиона тенге перечислила себе на карту бухгалтер школы в Семее

Читали: 15 Семей. 28.02. “Semeyainasy” – Главного бухгалтера школы в Семее осудили за хищение более …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ