Домой / Новости / Город / Абай музейінде Иран елшілігінің көрмесі ашылды

Абай музейінде Иран елшілігінің көрмесі ашылды

data-ad-slot="1867841055">

1
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени өкілдігінің “Фирдоуси Абай елінде” мәдени шарасы ұйымдастырылды.
Мәдени шара парсы мәдениеті тарихынан сыр шертетін Иран миниатюрасы мен декоративті-қолданбалы өнерінің “Фирдоуси әлемінен” көрмесінің ашылуымен басталды.
Музей директоры Б.Жүнісбеков алғысөзінде ұлы ақындар Абай мен Фирдоуси шығармашылығы арқылы қалыптасқан екі халық арасындағы рухани-мәдени туыстық пен сабақтастықты атап көрсетті.
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин құттықтау сөз сөйлеп, екі мемлекет арасындағы мәдени байланыстардың маңызына тоқталып, осы бағытта атқарылып жатқан шараларға қолдау көрсетіп отырған музей басшылығына алғысын білдірді.
Мәдени шара одан әрі “Фирдоуси Абай елінде” тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысымен жалғасты. Шығыстанушы ғалым, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, парсы тілі және әдебиеті академиясының (Иран) толық мүшесі Сафар Абдулло “Фирдоуси мен Абайдың парсы және қазақ әдебиетіндегі орны”; тарих ғылымының докторы, Мазандеран (Иран) аймағындағы “Мәдени мұра” ұйымының Бас директоры Бозоргниа Делавар “Қазіргі замандағы Фирдоусидың алатын орны”; филология ғылымының докторы, професссор А.Еспенбетов «Абайдың ақындық кітапханасы»; абайтанушы, ирантанушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітова “Абай шығармашылығына классикалық парсы әдебиеті ақындарының әсері” тақырыбындағы баяндамалар жасады. Дөңгелек үстел барысында абайтанушы, шығыстанушы, ирантанушы ғалымдар Фирдоуси мен Абай шығармашылығына қатысты ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері және қала қонақтары қатысты.
Иран миниатюрасы мен декоративті-қолданбалы өнерінің “Фирдоуси әлемінен” көрмесін 1 шілдеге дейін тамашалауға болады.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік
қорық-музейінің баспасөз қызметі

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Как в Семее пройдёт праздник Крещение Господне

Читали: 65 data-ad-slot="1867841055"> Семей.17.01.”Semeyainasy” – В ночь с 18 на 19 января православный мир будет …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ