Домой / Новости / Город / Абай ұрпағын ұлықтау бізге парыз

Абай ұрпағын ұлықтау бізге парыз

 Семей. 14.02. “Semeyainasy” – Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде АКМЕ халықаралық ағартушылар клубының арнайы кеңейтілген отырысы өтті. Бас қосуда талқылаған негізгі мәселесі Тураұл Абайұлының өмір жолын, шығармашылғын дәріптеу, ақынның жерленген жерін ғылыми тұрғыда зерттеп, ескерткіш қою жоспары ұсынылды.

   Жиынға Турағұл Абайұлының есімін одан әрі насихаттау бойынша ақсақалдар кеңесі, Абай ауданының өкілдері, мемлекеттік қызыметкерлер, әдебиет жанашырлары қатысты.

   Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Шәкәрім университетінің ректоры Мейір Ғариполлаұлының бастамасымен арнайы делегация Шымкент қаласындағы Турағұл Абайұлының қорымын нақтылу мақсатында іс-сапар да болып қайтты. Алайда Турағұл Абайұлының нақты жерленген жерін ешкім дөп басып айта алмады. Шымкент қаласында орналасқан Химиялық фармацевтикалық зауыттың астында жерленген деген деректі айтқан ақын ұрпақтарының пікіріне қарағанда шаһрдағы химиялық завод жанында орналасқан зираттарда жерленген болуы мүмкін. Таңба басып тұралай алмағандықтан әліде зерттеуіміз керек деп өз ойын білдірді Мейір Ғариполлаұлы.

  Турағұл Абайұлы 1917-1920 жылдары Алаш үкіметі жұмыстарымен тікелей айналысқан. Семей облыстық Алаш партиясы комитетінің мүшесі. 1917  жылы Бүкілресейлік учредительное собраниеге депутаттыққа Семей облысынан ұсынылған 8 адамның бірі Турағұл Құнанбаев болды.1917 жылы 10 желтоқсанда өткен Семей уездік Земствосының бірінші төтенше жиынында облыстық Земстваға Турағұл Құнанбаев депутат болып сайланды.1918 жылдың жазында Алтай губерниясы бағытында қызылдарға қарсы болған қанды шайқастарда Алаш атты әскері полкының құрамында болған да туралы мәліметтер бар.

  Турағұл Абайұлының еңбектерін дәріптеп, зиратын нақтылау сол маңға ұрпақ ұлықтап еске алатындай ескерткіш орнату біздің, Семей жұртының адамгершілік парызы деп сөз түйді жиынға қатысушылар.

                                                                                        Ғалбият Нұрзат

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО прошла встреча ветеранов и тружеников тыла

Читали: 19 ​Семей. 22.02. “Semeyainasy” – В ВКГУ им. С. Аманжолова ветераны университета и труженики …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ