Домой / Новости / ВКО / “Адамзаттың бәрін сүй…” атты хәкім Абайдың 175 жылдық мерей тойының шымылдығы ашылды

“Адамзаттың бәрін сүй…” атты хәкім Абайдың 175 жылдық мерей тойының шымылдығы ашылды

Семей. 22.01. “Semeyainasy” – Еліміздің рухани ордасына айналған Семей қаласында, қазақ ақыл ойының заңғар биігі, қазақ әдебиетімен мәдениетінің алыбы, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған “Адамзаттың бәрін сүй…” атты ұлы тойдың ашылу салтанаты өтті.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Приздентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен 175 жылдық мерей тойдың жалғасы Семей топырағында өз жалғасын тапты.
Айтулы шараға облыс әкімі Даниал Ахметовпен қатар қала тұрғындары қатысты. Дүбірлі тойдың ашылу салтанатында елімізге танымал жұлдыздар Медет Чотобаев, Жұпар Габдуллина, Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина, “Аңсар” вокалды тобы сонымен қатар Шығыс Қазақстанның шығармашылық топтарымен солистері өнер көрсетіп Абай әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.


Жалпы, Абайдың мерейтойына арналған жоспар 82 тармақты қамтиды. Соның ішінде халықаралық, республикалық, облыстық және қоғамдық маңызы бар 500 -ден астам шара бар. Олар- ғылыми, ағартушылық іс-шаралар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттары, поэтикалық және әдеби конкурстар мен баспасөз сынды тағыда басқа бөлімдерді қамтымақ.
Нұрзат Ғалбият

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Семее прошел круглый стол, посвященный мыслителю и философу аль-Фараби

Читали: 14 Семей. 26.02. “Semeyainasy” – В этом году отмечается юбилей Аль-Фараби, который широко отмечается …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ