Домой / Новости / Город / “Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде заңдылықты сақтау»  

“Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде заңдылықты сақтау»  

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 29.10. “Semeyainasy” – Шығыс Қазақстан облысында мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру басталды.

Күзгі әскерге шақыру барысындағы негізгі міндет – Қазақстанның Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын дене және психологиялық тұрғыдан неғұрлым дайындалған, тиісті білім деңгейімен жетіктілген жастармен жасақтау болып табылады.
2020 жылдың күзінде Семей қаласынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1993-2002 жылдары туған азаматтарды шақыру жоспарлануда.

 

Ал әскери командаларды жасақтау аумақтан тыс принцип бойынша жүзеге асырылады.  Яғни, әскерге шақырылушы басқа аймаққа қызметке жіберіледі. Жас сарбаздарды әскери бөлімдер бойынша іріктеу және бөлу кезінде олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі.
Әскерге шақыру “Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы” ҚР Президентінің 2020 жылғы 27 ақпандағы №362 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Шығыс аймағының әскери прокуроры атап өткендей:
– Қазақстанның Қарулы Күштері – еліміздің барлық азаматтарының мақтанышы, ал әскери қызмет құрметті және беделді болды. Қазақстан армиясы шақыру бойынша да, келісімшарт бойынша да аралас тәсілмен жасақталады.
Аймақтың әскери прокуратурасының бастамасымен әскерге шақырылушыларды шығарып салу үшін салтанатты шығарып салу ұйымдастырылады. Әскерге шақырылушыларды шығарып салу Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының акт залында шақыру комиссиясының төрағасы – Семей қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің қатысуымен өтті.
Отан алдындағы борышын өтеуге тілек білдіруші жас жігітітер жыл сайын көбейіп келеді. Мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтарға жоғары талаптар қойылады. Әскерге шақырылушылардың ата-аналары балаларын әскерге алу сұрақтары бойынша әскери прокуратураға жүгінеді. Осы жылы Шығыс аймағы әскери прокуратурасының ұсынысы бойынша шақыру және медициналық куәландыруды өткізу тәртібі туралы мәселелерді жедел шешу үшін қорғаныс істері жөніндегі департаментте, басқармаларда және бөлімдерде жедел желі құрылды. Жауапты лауазымды тұлғалар түсініктеме береді, азаматтарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді.
Шығыс аймағының әскери прокуратурасында тәулік бойы Сенім телефондары жұмыс істейді 8(7222)-56-07-11, 56-10-72 бал.87017401949, электрондық пошта (7221501@mail.ru), азаматтар қызықтырған сұрақтармен, шағымдармен және ұсыныстармен жүгіне алады.
Сондай-ақ, Семей қаласының барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде Шығыс аймағы әскери прокуратурасының азаматтарды қабылдау кестесі, сондай-ақ аймақтық әскери прокуратураның сенім телефондарының нөмірлері бар баннерлер мен Бас прокуратураның Call-орталып ілінген.
Аймақтың әскери прокуратурасы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде заңдылықтың сақталуына ерекше назар аударады, жеке қабылдау жүзеге асырылады, тұрақты негізде әскерге шақырылатын жастармен кездесулер өткізеді.

Шығыс аймағының әскери прокуратурасы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Завтра пройдет Единый день приема граждан

Читали: 38 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 25.11. “Semeyainasy” – По поручению министерства внутренних дел 26 ноября в …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ