Домой / Новости / Город / АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: еншімізде – 7 медаль!

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: еншімізде – 7 медаль!

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20170703-WA0010

Ташкентте самбо күресінен өткен Азия Чемпионаты мәресіне келіп жетті. Қазақстан құрамасы сапында қатысып қайтқан Семей қаласындағы №1 ОР МБЖСМ («Семей» спорт академиясы) самбошылары айтарлықтай көрсеткіштермен танылды. Қос алтын мен қос күміс, үш қола біздің спортшылардың еншісінде!

Өзбекстан астанасында 30 маусым мен 2 шілде аралығында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағымен қоса, әскери самбодан өткен халықаралық жарыста Азияның белді самбошылары арасынан мықтылары анықталды. Жиыны 300 үміткер қатысқан жарыста өзін әлдеқашан дәлелдеп үлгерген самбошылармен қоса, спортта енді танылып келетіндері де қатысқан болатын.

Сонымен, жарыстың бірінші күнінде 52 келі салмақта ел намысын қорғаған жас балуан Есентай Имаханов күміс медальды еншіледі. Сондай-ақ, сәл ғана басымдылықпен өзбек спортшысына жол берген Төлеген Нұрғалиев /68 кг/ ерлер арасында бағын сынады. Ол осы жолғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Чемпионаттың келесі күніндегі көрсеткіштерге тоқталар болсақ, 2016 жылы Түрікменстандағы Азия чемпионатында үштіктен көрінген ауыр салмақта белдесетін Ерасыл Қажыбаев былтырғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанған ирандық балуанды ұтып, ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салды. Бұл тізімде чемпиондық атақты абыроймен қорғай білген «Семей» спорт академиясының биылғы жылғы алғашқы түлегі Стамполов Қуандық та бар.  Түлектер арасынан суырылып шыққандар арасындағы 81 келідегі жас спортшы Қуаныш Ратаев қоланы қанағат тұтты.

Ендігі жерлесіміз Рамазанов Аян күміс медальды иеленсе, әйелдер сапында күрескен Сұлтанбекова Айдана қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстанның жасөсіпірімдер құрамасы қарсыластарынан оқ бойы озық екендіктерін танытты. Жастар құрамасы ІІ орын, ал ересектер ІІІ орын төрінен көрінді. Айта кетерлігі, нәзік жандылар құрамасы барлық жас категориялары бойынша көш басынан түспей, бапкерлер мерейін үстем ете білді.

Азия чемпионатында биік мінберден көріне білген «Семей» спорт академиясы самбошыларының кезекті жеңістері мен жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Как в Семее пройдёт праздник Крещение Господне

Читали: 56 data-ad-slot="1867841055"> Семей.17.01.”Semeyainasy” – В ночь с 18 на 19 января православный мир будет …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ