Домой / Последние новости / Аймақтық «Абай оқулары» өтті

Аймақтық «Абай оқулары» өтті

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 28.02. “Semeyainasy” – Шәкәрім университетінің Қазақ филологиясы факультеті қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 10-11-сынып оқушылары арасында аймақтық «Абай оқулары» байқауын өткізді.

  Шараның негізгі мақсаты Абай шығармаларын кеңірек дәріптеп,  жас ұрпақты Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың  тарихи танымдарын, ізгілікке, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдарын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған.

   Байқаудың негізгі шарттары «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»,  «Көркем сөз шеберлігін айқындау», «Талаптыға нұр жауар» тақыбындағы үш кезеңнен тұрды. Бірінші бөлімінде хәкімнің ғылым, білім,өнер тақырыптарындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыса, екінші айналымда Абайдың қара сөздерін нақышына салып айту сонымен қатар «Абай жолы» романының бірінші томындағы бөлімдерден үзінді келтіру, үшінші кезеңде Абай әлеміне арналған сұрақтарға жауап беру сынды бағыттар қамтылды. Әділқазы алқалары елімізге танымал ақындар мен белгілі тұлғардан таңдалып алынған.

     «Абай оқулары» байқауына Шығыс Қазақстан облысы өңірлерінен 40-қа жуық үміткер қатысады. Байқау нәтижесі негізінде жеңімпазға «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасына университеттің білім гранты берілді.

                                                                              Ғалбият Нұрзат

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Каюм Мухамедханов: борец за справедливость и воплощение ценностей независимого Казахстана

Читали: 55 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 31.05. “Semeyainasy” – Сегодня в стране отмечается день памяти жертв политических …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ