Домой / Новости / Город / Алаштың асылы Тұрағұл

Алаштың асылы Тұрағұл

data-ad-slot="1867841055">

http://abaialemi.kz/public/upload/images/71d0165d70d326833d890f441938ad47.jpg

Семей.02.04.”Semeyainasy” – Жазушы, талантты ақын, аудармашы, мәдениет қайраткері, Алаштың асыл азаматы –Тұрағұл Абайұлының туғанына  биыл – 145 жыл.

Абайұлы Тұрағұл ұлы ақынның сүйген жары  Әйгерімнен туған 1875 жылы Абайдың отыз жасында дүниеге келген баласы. Жасында ауыл молдасынан оқып, мұсылманша, орысша сауатын ашқан. Абай үйінде өткен келелі кештер мен әңгіме кеңесіне қатысып, жасынан рухани қазынасы құнарлы болуының үстіне кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген.

Орыс тілін жақсы меңгеруі себепті, сол тілдегі көркем әдебиет нұсқаларын аударумен айналысады. 1924 жылы М.Горкийдің «Челкаш» әңгімесін аударып, сол жылы «Таң» журналының 3-4 сандарында жариялайды. 1925 жылы А.Неверовтың «Мен өмірге жерікпін»,  Джек Лондонның «Балалық туралы ертегі» (1927), және «Балалы әйел не білу керек» деген ғылыми- медициналық кітапшаны аударып, бастырып шығарған.

Әдебиет дүниесінде аударма өнерін Тұрағұл Абайұлы өмірінің соңына дейін жалғастырған сияқты. Тұрағұл бала жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан да Абайдың әрбір өлеңі қай кезде қалай жазылғанын және кімге арналғанын жақсы білген. Тұрағұл ақын болумен қатар домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған. Тұрағұлдың өз ағасы Әбдірахманға арнаған тағы басқа өлеңдері Абайдың мемлекіттік қорық-музейі қорында сақтаулы.

Тұрағұл 1904 жылы Күшік-тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан босатылған. Кәкітай Ысқақұлымен бірге 1909 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургте бастырып шығарған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған.                                                                    

Абай Құнанбаев қайтыс болған соң әкесі туралы алғаш рет естелік жазып қалдырған Тұрағұл еді. Ол М.Әуезовке «Әкем туралы» деген көлемді естелік жазып берген. Тұрағұлдың Абай туралы естеліктерінің қысқаша нұсқасы 1933, 1939-1940 жылдары Абай шығармалары жинағында, баспасөз беттерінде жарияланған.  Бұл естеліктің кей тұстарын М.Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянын төрт рет қайта жаңғыртып жазу үстінде және «Абай жолы» эпопеясында да мықтап пайдаланған болатынды. Тұрағұлдың өз әкесі жайында естелік жазуға Мұхтар Әуезовтың тікелей араласқаны белгілі.

Өйткені 1924 жылы желтоқсан айында Семей қаласында Абайдың қайтыс болуына 20 жыл толуын атап өту туралы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімі арқылы мәселе көтеріп, күн тәртібіне ендірген де Мұхтар Әуезов еді. Осы әдеби кеште Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин, Халел Ғаббасовтар баяндама жасаса, Көкбай ақын өзінің Абай туралы естелігін айтады. 1924 жылдың өзінде  М.Әуезов Абайдың тұңғыш толық жинағының алғашқы нобайын жасарда Тұрағұлға әкесі Абай туралы естеліктер мен оның өлеңдерін жатқа айтуынан қағазға түсіріп, жаздырып зерттеу жұмыстарын жүргізіп, баспаға ұсынған. 1927 жылы Қазақ АССР білім комиссариатына тапсырған толық қолжазба жинақтың ғылыми құндылығы аса жоғары дерек көздері болып табылады.

Тұрағұлдың соңғы аталған еңбегі бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекетінің Орталық музейінде сақтаулы. Тұрағұлдың Абай мұрасын жинастырып бастыруда аса құнды мағлұматтар жазып, ақын шығармаларының текстология әуелгі түпнұсқаны қалпына келтіруде абайтану ғылымына қосқан үлесі зор.

Тұрағұл қазақ халқының ояну дәуіріндегі Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Торайғыров сияқты кесек тұлғалармен тікелеймен қарым-қатынаста болып, солар бастаған азаттық ұранына атсалысқан санаулы адамдардың бірі болған. 191720 жылдары ол Семей өңіріндегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әр түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Сонымен бірге, Семейде Алашорда үні болған «Сарыарқа» газетінде Алаш атты әскерінің алғашқы жеңістері туралы: 1918 жылы Алтай губерниясы бағытында большевиктерді өкшелей қуған Алаш әскерінің жеңіспен оралғаны, бұл әскерге Тұрағұл Абайұлы, Биахмет Сәрсенұлы, Қаражан Үкібаев тағы басқалары қатысқанын айтады. Сөйткен Тұрағұл 1928 жылы конфіскіге ілінеді. Асыра сілтеу заманында Тұрағұл Сырдария округіне жер аударылады.

1934 жылы Шымкент қаласындағы қызы Мекеннің қолында қайтыс болып, сол қалаға жерленді. Ұлы Абайдың сүйікті баласы әрі ақындық мектебінің дарынды шәкірті, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері Тұрағұл Абайұлының қоғамдық-саяси қызметі, сондай-ақ кешегі кеңестік тоталитарлық заманда бастан кешкен өмір тарихы осындай…

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің

«Семей аймағының тарихы» бөлімінің

жоғары дәрежелі маманы Гульнур Тортенова

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Семее почтили память жертв политических репрессий

Читали: 42 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 31.05. “Semeyainasy” – Ежегодно в этот день, 31 мая, в стране …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ