Домой / Новости / Город / «Алаш ұлағаты» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

«Алаш ұлағаты» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171108-WA0027

Семей.08.11. “Semeyainasy” – Бүгін қаламыздағы орталық кітапханада тарих ғылымының кадидаты, белгілі тарихшы-археолог Амантай Исаұлы құрастырып жазған «Алаш ұлағаты» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Бұл кітаптың шығуына «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры қолдау көрсеткен. Шара барысында осы қордың директоры Қайым Мұхамедхановтың қызы Дина Қайымқызы Алматы қаласынан арнайы келіп, кітаптың бірнеше данасын кітапханаға тарту етті. Басқосуға ғалымдар, тарихшылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері қатысып, өздерінің кітап туралы келелі ойларын ортаға салды.

«Алаш ұлағаты» еңбегінде Алаш көсемдерінің мемлекет, тіл, дін, мәдениет, жер, тәрбие және тағы да басқа тақырыптарға байланысты айтылған, мәңгілік ұмытылмас түйінді ой-тұжырымдары жазылған.
Сонымен қатар алқалы жиын соңында кітапхана қызметкерлері Қайым Мұхамедхановтың жеке архивінен алынған алашордашылардың өмірі мен қызметінен сыр шертетін құжаттар мен фотоматериалдары орналасқан экспозиция көрмесіне шолу жасады.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Житель Семея пытался перебросить через забор колонии сверток с телефоном

Читали: 85 data-ad-slot="1867841055"> Семей.17.01. «SemeyAinasy» – В Семее сотрудники учреждения ОВ-156/15 ДУИС по ВКО пресекли …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ