Домой / Новости / Город / Алғашқы жауған қар лебімен Семей жұртшылығы бауырсақтан дәм татты

Алғашқы жауған қар лебімен Семей жұртшылығы бауырсақтан дәм татты

IMG-20170924-WA0110

Семей.24.09. “Semeyainasy” – Бүгін алғашқы жапалақтап жауып тұрған қар мен суық желге қарамастан шаһарымыздағы орталық саябақ алаңында қала күні мерекесіне орайластырылып, достық үйінің ұйымдастыруымен «Бауырсақ батл-2017» фестивалі өтті.

Фестиваль аясында «Достық құшағы» халықтық мәдени орталығының ұжымы қала тұрғындарына арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Бірі ән айтып, би билесе, енді бірі өлеңдерін оқып, көптің көңілінен шығып жатты.
«Бауырсақ батл» қатысушылары, нақтырақ айтқанда «Бизнес және сервис колледжі» және қаламыздағы политехникалық колледждің студенттері әзірлеп әкелген бауырсқтарын көпшілік қауым алдына паш етіп, жасалу жолымен негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Шара барысында ұйымдастырушылар дастархан жайып, әділқазылар мүшелері мен мерекелік іс-шараға келген барша халыққа тойдыра дәм ұсынуы елдің беріктілігін тағы да бір нығайтып, Семей жұртшылығын жақындыра түскендей болды.
Бизнес және сервис колледжінің 3 курс студенті Меруерт Каттибаева:

— Бұл фестивальға қатысқан себебіміз халыққа шын көңілден өз қолымызбен жасаған тағамдарымызды ұсыну. Бүгін таңертең ерте пісірген бауырсақтарымызды, барша көрермендер ауыз тисін деген ниетпен тарату үшін көптеп алып келдік. Осындай фествальдер жиі өткізілсе халықты бірлікке шақырып, көңіл күйді көтереді – деп өз ойын білдірді «Бауырсақ батл» қатысушысы.

Бауырсақтың бір емес бірнеше түрін дайындап, ұлттық киімдерімізді киіп, атаулы күнге арналған шараға жастар белсене ат салысып жатқаны көңіл қуантады.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Благоустроить озеро Шошкалы планируют в Бескарагайском районе ВКО

Читали: 46 Семей.15.10.”Semeyainasy” – В ходе пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций ВКО аким Бескарагайского района …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ