Домой / Новости / Город / Аспалы көпір жөндеуден өтеді

Аспалы көпір жөндеуден өтеді

data-ad-slot="1867841055">

FCMtw6X43U8C9zR6mNdO8cIWgEoKZL

Семей.24.10. “Semeyainasy” – Семейдегі аспалы көпір 2018 жылы жөндеуден өтеді. Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев хабарлады.

2000 жылы қолданысқа берілген аспалы көпірді отандық кәсіпорындармен бірге Жапонияның «IHI» фирмасы мен «Аларко Алсим» атты түрік компаниясы салған еді. Ертістің қос қапталын бойлай орналасқан көпірдің жалпы ұзындығы – 1086 метр. Жасыратыны жоқ, көпірдің апатты жағдайда тұрғаны туралы мамандар көптен бері дабыл қағып еді.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен, «Қазжол ҒЖИ» АҚ көпірдің бүгінгі ахуалын тексеріп, жол жабындысының құрамы туралы тексеру жұмыстарын тамамдады. Нәтижесінде аспалы көпірдің жөндеу жұмыстарына 241 млн. теңге, сондай-ақ қайта жөндеу жұмыстарына 173. млн теңге бөлінбек.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Аким Восточно-Казахстанской области Даниал Ахметов посетил Семей с рабочим визитом.

Читали: 23 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 07.04.”Semeyainasy” – Аким Восточно-Казахстанской области Даниал Ахметов посетил Семей с рабочим …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ