Домой / Новости / Город / «Атыраудан махаббатпен» көрмесі Семейге келді

«Атыраудан махаббатпен» көрмесі Семейге келді

data-ad-slot="1867841055">

IMG_0550

Бүгін Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейіне Атыраудағы Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейінің қызметкерлері арнайы келіп, көркемөнер музейінің 25 жылдығына арнап «Атыраудан махаббатпен» атты жылжымалы көрме жұмысын ашты.

Көрменің ашылу салтанатына Атыраудағы Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, прокурор Марат Турубаев және шаһар тұрғындары, мектеп оқушылары, студенттер қатысты.

Көрмеге қойылған туындылардың тең жартысы – Шаймардан Сариевке тиесілі. Оның суреттерінің дені – отбасы мүшелері мен достарының, таныстарының портреттері. Сонымен қатар Қали Айтқалиев, Нұрсұлтан Қалиев, Аманат Назарқұл, Перизат Есназарова сынды басқа да атыраулық суретшілердің кескіндемелік жұмыстары мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрмеге қойылды.

Атыраудағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейі 1992 жылы ашылған. 1999 жылы Қазақстанда мұнайдың 100 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында облыс әкімі музейге «ҚазақОйл» Ұлттық мұнай компаниясының қаржысына қайта жөндеуден өткен ғимаратты ұсынады. ҚР Үкімет басшысының қаулысына сәйкес, музейге 2005 жылы ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Шаймардан Сариевтің есімі берілген екен. Содан бері музей өз жұмысын жандандырып, аймақтағы мәдени ағарту орталығы міндетін сәтті атқарып келеді. Мұнда өткен дәуір мен қазіргі дәуір шеберлерінің жарқын туындылары қамтылған. Музей қорындағы жалпы экспонаттардың саны 2000-нан асатын көрінеді.

– Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейі биыл 25 жылдығын және Шаймардан Сариевтің 80 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осы қуанышты әріптестерімізбен бөлісу мақсатында Семей қаласында жылжымалы көрме ұйымдастыруды жөн деп таптық. Себебі Семей қаласы рухани бай, тарихқа тұнып тұрған шежірелі қала. Қазақтың кең байтақ жері – бәрімізге ортақ. Сондықтан әркім өз қазанында қайнай бермей, мүмкіндік болса жер көрген, ел көрген, әрине, жақсы. Невзоровтар атындағы өнер музейі туралы жағымды пікірлерді осы уақытқа дейін көп естіп келген едік. Шынында да, музей құнды ескерткіштерімен, тамаша туындыларымен, көне ғимаратымен ерекше екен. Ұсынысымызды бірауыздан құп алып, жылы шыраймен қарсы алған музей директоры Татьяна Александровнаға алғысым зор, – дейді Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы.

Осы орайда Шаймардан Сариев жайлы аз-кем айтып өтсек. Шаймардан Сариев (1937-1988 жж.) – Атырау облысы Махамбет ауданы Забурунье ауылының тумасы. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін, Харьков көркемөнер институтын тамамдаған ол алпысыншы жылдары таныла бастаған С. Айтбаев, А. Садыханов, Т. Тоғызбаев, О. Нұржұмаев, М. Қисаметдинов, Б.Тәбиев, Т. Досмағанбетов сынды

суретшілермен үзеңгілес. Олардың шығармашылық ізденістері батыс және шығыстағы кескіндеме дәстүрлерін зерттеуге және синтездеуге бағытталған.

Аталған көрме наурыз айында Астана қаласындағы ҚР Бірінші Президенті кітапханасы музейінде және Атырау облысының мәдениет күндері шеңберінде «ЭКСПО-2017» көрмесінде көрсетілген.

Ақмарал Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

За визит к бывшей жене наказали жителя ВКО

Читали: 106 data-ad-slot="1867841055"> Семей.23.01. “Semeyainasy” – Житель Восточного Казахстана получил 300 часов общественных работ за …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ