Домой / Новости / ВКО / АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА⠀

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА⠀

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 16.10. “Semeyainasy” – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлайды: бұдан былай шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің сақтандыру мәртебесі оқу аяқталғанға дейін сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін олар «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы оқу орнынан анықтама жіберу арқылы бір айға ғана уақытша сақтандыру мәртебесін ала алатын. Енді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі egov.kz порталында мемлекеттік қызмет енгізді, оның көмегімен сіз мәртебеңізді жаңартып, оқу аяқталғанға дейін сақтандырыла аласыз.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйесіндегі қатысушы статусын, яғни сақтандырылғаны туралы статусын келесі бірнеше тәсілдермен: аздаған ақпаратты, яғни тегін, атын, әкесінің аты мен ЖСН көрсете отырып қор сайтынан (fms.kz), ҚР ДСМ сайтынан, https://t.me/SaqtandyryBot телеграм-бот көмегімен,  egov.kz порталынан тексеруге болады.

Semeyainasy

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

164 заболевших коронавирусом выявили в Казахстане

Читали: 54 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 24.10. “Semeyainasy” – За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 164 заболевших …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ