Домой / Новости / Город / Бала құқықтарын қорғау алдыңғы орында

Бала құқықтарын қорғау алдыңғы орында

Семей. 21.08. “Semeyainasy”.
eb8ebaf9-00a2-4f02-943c-bf9a06605322
Семейге ҚР президенті апараты жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ келді. Басты мақсат- ШҚО бойынша бала құқықтары мен мәселелері бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстар жинау жүйесін жетілдіру. Қалалық әкімдікте жұмыс тобымен және білім бөлімінің, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің , мәдениет және тілдерді дамыту, спорт басқармасының, полиция жөніндегі комиссияның, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау басшыларының қатысуымен кездесу өтті.
– “Nur Otan” партиясы “Бақытты отбасы”жобасын жүзеге асыруда. Біз төрт арнайы топ Семейге келдік. Әдетте сапар кезінде 70 – ке жуық объекті, 13-ке жуық аудан мен ауыл қаралады. Жұмыс барысында барлық жүйені, оның тиімділігін, сапасын, ең бастысы-балалардың құқықтарын қорғау және отбасындағы жұмыс бойынша нәтижелілікті зерттейміз. Отбасы баланың әл – ауқатының негізі болып табылады. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың әр түрлі санаттағы отбасыларға көмек беруін басты назарда ұстайсыз , – деді “Nur Otan” партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау кеңесі төрағасының орынбасары Динара Закиева. – “Бақытты отбасы “жол картасында отбасын қолдау жүйесін құрудың кең ауқымы қарастырылған.
Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлық мәселесі өзекті және назар аударуды қажет етеді. Жағдайды жақсарту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту үшін барлық қалалар мен аудандарда қала және аудан әкімдері орынбасарларының төрағалығымен жедел жұмыс топтары құрылды. Олар алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жасалған суицидтердің себептері мен факторларын анықтайды. Суицидтің, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары жасалды.
Білім беру мекемелерінің базасында 1 қыркүйектен бастап “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында “Саналы ата-ана”курсы ашылады.
Семейде жұмыс тобы қалалық ауруханаға, №8 балалар үйіне, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, балалар үйіне, саңырау (естімейтін) балаларға арналған мектеп-интернатқа әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге барды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Levi

Посмотрите также...

В РгК «Восток» стартовали международные военные учения

Читали: 12 Семей. 16.09.2019. Стартовали оперативно-тактические командно-штабные учения «Шығыс-2019». На строевом плацу учебного центра «Шығыс» …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ