Последние новости
Домой / Новости / ВКО / БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

data-ad-slot="1867841055">

6-001

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде 2018 жылдың 24 қаңтар күні сағат 15:00-де «Алаш ұлттық автономиясының 100 жылдық мерекесіне» арналған естелік медалімен марапаттау рәсімі өтеді.
Естелік медаль «Ақжол» партиясының бастамасымен Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының қолдауымен Алаш қозғалысының 100 жылдық мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған игі бастамалардың бірі.
Бұл медальді өңіріміз бен қаламызға кеңінен танымал тұлғаларға, соның ішінде Алаш мұрасын сақтап, Алаш қозғалысының тарихи маңызын, Алаш қайраткерлерінің ізгі жолын болашақ ұрпақ пен халыққа насихаттау мақсатында еңбектеніп жүрген Өскемен және Семей қалаларының мәдениет қайраткерлері мен қоғам белсенділеріне табыс ету көзделіп отыр.
Марапаттау рәсімінен бөлек шараға қатысушы қонақтар «М.Әуезов – Алаш арыстары» музейінің экспозициясын және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде орналасқан Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Әрқашан ұмытылмасқа…» көрмесін тамашалап, басқа да мәдени-көпшілік шараға қатысады.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік
қорық-музейінің баспасөз қызметі

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Восточном Казахстане состоялось открытие литературной выставки «30 лет созидания – 30 лет достижений»

Читали: 49 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 27.01. “Semeyainasy” – Открытие праздничной литературной экспозиции, посвященной 30-летию независимости Казахстана, …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ