Домой / Новости / Город / «Бастапқы әскери даярлық» пәні оқытушыларының әлеуеті артып келеді

«Бастапқы әскери даярлық» пәні оқытушыларының әлеуеті артып келеді

IMG_1404

Семей.08.09. «Semeyainasy» — Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарамасында жыл сайынғы дәстүр бойынша орта білім беру мектептері мен колледждердің «бастапқы әскери дайындық» пәні оқытушылары арасында үш күндік оқу-әдістемелік оқыту басталды. Шараның салтанатты ашылуына Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, қалалық білім бөлімінің жетекшісі Наталия Фесенко, Семей өңірінің әскери прокуроры Серік Төреханов, сондай-ақ қала колледждерінің директорлары кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаев қатысты.

— Оқу жылының басында мұндай шараларды ұйымдастыру Қорғаныс істері жөніндегі басқарма әскери қызметкерлері, Семейдің білім бөлімі және БӘД ұстаздары үшін көп жылдардан бері қалыптасқан игілікті үрдіс. Бұл бағытта айтылар әңгіме де көп, талқыланатын мәселелер де табылады. Мұнда біз жаңа оқу жылында атқарылатын шаруаларды нақтылаймыз,-деді Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарамасы басшысының қоғамдық жұмыстар бойынша орынбасары Құсман Бердікенов.

Жыл сайын аталған жиында келелі мәселелер қаралады, ең әуелі өткен оқу жылы қорытындыланады, алдағы уақытта істелуі тиіс жұмыстар сараланып, жемісті жетістіктер ерекше атап өтіледі. Айту керек, Семей қаласы көктемгі әскер қатарына шақыру бойынша Қорғаныс істері жөніндегі Басқармасы облыста көш бастап тұр. Қалалық, аймақтық және республикалық әрі халықаралық деңгейдегі әскери-спорттық жарыстардан да Семей өңірі құр алақан емес.

Жиынның ашылуында сөз алған Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев педагогтер ұжымына жүрекжарды лебізін білдірді.

— Қала басшылығы және өз атымнан жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Еңбекте табыс, жұмыстарыңызға толағай жетістіктер тілеймін. Өткен жыл қалалық командалардың жеңісті күндерімен есте қалғаны белгілі. Осы жылы да биік белестерді бағындырып, асқар асулардан сүрінбей өтетіндеріңе кәміл сенемін,-деді ол.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

images (12)

В ВКО объявлено штормовое предупреждение

Семей. 20.09. «Semeyainasy» — 22-24 сентября в Восточно-Казахстанской области ожидаются осадки (дождь с переходом в …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ