Домой / Новости / Город / Болашағын бағдарлаған жастар бас қосты

Болашағын бағдарлаған жастар бас қосты

data-ad-slot="1867841055">

RkAVi8qC5os

Семей 02.02. “Semeyainasy” – Жастар — бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Оларды қолдап, жаңа белестерді бағындыруға деген құлшыныстарын арттырып, жетістіктерін жарқырата көрсете білгенде ғана еліміздің рухы асқақтай түсетіні сөзсіз. Қазіргі таңда Елбасы тарапынан жастарға деген көмек айырықша екенін атап өткен жөн болар. Себебі көреген көшбасшымыздың қай Жолдауын алып қарасақ та , жас азаматтардың алға қарай ілгерлеп дамуына басты назар аударылған. Жаңа мақсаттарға жетелейтін 10 нақты міндетке арналған іс-шаралар бүгінде басталып та кетті.

Бүгін осындай игі бастамалардың  бірі – шаһарымыздағы Абай атындағы әмбебап кітапханасында  «Togas» туристік компаниясының тікелей бастамасымен қаламыздағы ұйымдардың белсенділері мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылады.

Жиын барысында маңызды стратегиялық құжаттан бөлек «Конгреcс» ИДК, «Невада Семей», «Enactus» ұйымдарының жетекшілері  өздерінің бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстарына шолу жасап, барша клубтардың басын бір жерге тоғыстыратын қалалық «Жастар» ұйымын құру туралы ұсыныстарын білдірді.

Сондай-ақ басқосуда «Togas» туристік компаниясы осы жылдың 25-ші тамызында қала деңгейінде шаһарымыздың тарихын паш етер үлкен ғаламат шоу  ұйымдастырғалы отырғандарын сөзге тиек етті.

Ғанибек Түсіпбек

 

 

 

 

 

 

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Около 100 тысяч восточноказахстанцев получат вакцину от коронавируса

Читали: 45 data-ad-slot="1867841055">   Фото из интернет источников Семей.26.01.”Semeyainasy” – Сегодня в ВКО было проведено …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ