Домой / Новости / Город / Буккроссинг акциясы басталды

Буккроссинг акциясы басталды

data-ad-slot="1867841055">

ev3tsxdeaaw_0

Семей. 31.07. «Semeyainasy» — Семейдің орталықтандырылған кітапхана жүйесінде буккроссинг акциясы басталды. «Буккросинг»  (bookcrossing) cөзі ағылшын тілінен аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Акция шарты бойынша шараға қатысушы әр адам өз кітабын қалдыруы керек. Осылайша әрбір оқырман өзі оқып шыққан кітабын келесі адамға ұсынып отырады.

Мұндай акцияны орталықтанған кітапхана жүйесі биыл алғаш рет ұйымдастырып, тұсауын кесіп отыр. Акция барысында оқырмандарға «Буккросинг» жүйесі туралы ақпарат беріліп, викториналық ойындар ұйымдастырылды.

Аталған акция 25 шілде және  8 тамыз аралығында Балалар саябағы, №12 кітапхана, №1 ықшам ауданындағы Ертіс жағалауы және орталық кітапхана жүйесінде өтеді. Кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарын «Буккросинг» акциясына белсене қатысуға шақырады. Акцияға қатысып, сүйікті кітабыңызбен қауышыңыз, оқырман!

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

За визит к бывшей жене наказали жителя ВКО

Читали: 102 data-ad-slot="1867841055"> Семей.23.01. “Semeyainasy” – Житель Восточного Казахстана получил 300 часов общественных работ за …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ