Домой / Новости / Город / Вакцина алсаңыз, аурудың алдын аласыз

Вакцина алсаңыз, аурудың алдын аласыз

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 21.11. “Semeyainasy” – Қанша уақыт өтсе де тұмау әлем елдерінің көпшілігі үшін өзекті мәселелердің бірі болып қалды. Қазір еліміздің әр өңірінде тұмау ауруына қатысты ақпараттар беріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Тұмаудың алдын алу жолдарын кеңінен талқылау мақсатында бүгін медицина саласының мамандары қалалық орталық кітапханада журналистермен бас қосты.

Жиын барысында олар «Тұмау несімен қауіпті?», «Тұмаудан қорғану үшін не істеуге болады?», «Кешенді медициналық қызметке жүгінудің маңыздылығы қандай?», «Тұмауға қарсы вакцинаның қаупі бар ма?» деген сұрақтарға жауап беріп, «Минингококкты», «Энтеровирусты», «Жіті респираторлық инфекция» түрлерінің симптомдары мен ерекшеліктеріне шолу жасады.

вакцинация

Айта кетерлігі, елімізде балаларына вакцина егуден бас тартып жатқан ата-аналар саны жылдан-жылға көбеюде. Семей қаласының ММУ-дің Балалар жұқпалы аурулары және фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Имдат Мусаұлының айтуынша, халықты тұмаудан қорғайтын тиімді, әрі жалғыз әдіс – вакцина. Ол вакцинаның адам өміріне еш залал келтірмейтінін, керісінше жұқпалы аурулардың алдын алудың бірден бір жолы екенін айтады.

Семей қаласы бойынша биылғы жылдың сараптамалық мониторингіне көз жүгіртсек, жыл басынан бері 36160 адамға тұмауға қарсы екпе егілген.  (Бұл халықтың жалпы санының 10,5%-ын  құрайды). Оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 23069 тұрғынға екпе егілді.

витамины

Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі – ерекше емес профилактика. Ерекше емес профилактика организмнің өзінің қорғаныш күштерін жақсартуға бағытталған және оны вакцинамен бір уақытта жүргізуге болады. Ерекше емес профилактика әдісінде иммундық түзетуші препараттар, вирусқа қарсы жақпа майлар, поливитаминдер қолданылады.

Асқынған тұмау адам денсаулығы үшін қауіпті. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері байқалған сәтте-ақ науқастардың өзін өзі емдеумен айналыспай, дереу дәрігердің көмегіне жүгінгені жөн. Тұмау жеңіл дерт көрінгенімен, тиісті шара қолданбаса, соңы адам өліміне әкелуі де ықтимал.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Мелодии домбры

Читали: 37 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 28.01. “Semeyainasy” – Уникальные двусторонние домбры делает житель села Шымкора Восточно-Казахстанской …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ