Домой / Новости / ВКО / Даниал Ахметов жол жөндеу жұмыстарының тендерлік құжаттамасын тексеруді тапсырды

Даниал Ахметов жол жөндеу жұмыстарының тендерлік құжаттамасын тексеруді тапсырды

data-ad-slot="1867841055">

20170410173403

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қар тазалау мен жол жөндеу жұмыстарының барлық тендерлік құжаттамасын тексеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Биыл қыста Шығыс Қазақстан жолдары күрделі метеожағдайларға байланысты 84 рет, профилактикалық қар көшкінін түсіруге байланысты 26 рет жабылған, деп хабарлады бүгінгі жиналыста ШҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұрат Мұсатаев.

Қыс мезгілінде қардың көп түсуі де бірқатар қиындықтар тудырды, – деп Мұсатаев өңірдегі 3 мың шақырымнан астам автокөлік жолдарының қысқы күтіміне сараптама жүргізді. Сонымен бірге, дәл осы тақырыпта «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ шығысқазақстандық филиалының директоры Нұрлан Өмірбаев сөз сөйледі. Ол қар тазалау техникаларын қолдану шығындарын азайту үшін биыл 22 шақырым қар ұстайтын қалқандардың, 1,3 метрден асатын қоршаулардың тұрғызылғанын хабарлады.

Автожолдардың қысқы күтіміне арналған сараптамадан кейін және автожолдарды тазалау, жөндеу жұмыстары және құрылысына жауапты мердігер ұйымдардың технологиялық жағдайы туралы әңгімеден кейін Даниал Ахметов әкімдерге өз аумақтарындағы мердігерлер өткен маусымда жұмыс жүргізген жол жағдайына мұқият тексеру жүргізуді, кемшіліктер табылған жағдайда мердігерлерді қайта түзеттіруді тапсырды.

inform.kz

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Годовщину образования инженерных войск отметили на востоке

Читали: 28 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 23.01. “Semeyainasy” – В доме офицеров Семейского гарнизона прошло торжественное мероприятие …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ