Последние новости
Домой / Новости / ВКО / Даниал Ахметов: «Тарихи жәдігерлерімізді құнттап сақтауымыз керек»

Даниал Ахметов: «Тарихи жәдігерлерімізді құнттап сақтауымыз керек»

data-ad-slot="1867841055">

Фабрика форматов_G9C4526 - копия

ҚР Президентінің бастамасымен жүргізіліп жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облысымызда ондаған жобалар әзірленді. Жобаларды құру барысында аймағымызда тоғысқан сантүрлі мәдениеттерді көрсету негізге алынды. «Туған жер», қасиетті географиялық орындар, үштілділік мәселелеріне басымдық берілді. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс әкімдігінің отырысында мәлімдеді.

– Біз Абай ауданындағы қасиетті жерлердің бірі Қоңыр Әулие үңгірінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатырмыз, – деді облыс басшысы. – Жерасты көліне мыңдаған мінәжат етушілер келеді. Келушілерге ыңғайлы да жайлы жағдай жасау мақсатында бұл аймақта абаттандыру жұмыстарын жүргізуге тиісті тапсырма бердім.

Жақын болашақта Шығыс Қазақстанның «Рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы болады. Даниал Ахметов бұның тек теориялық еңбек емес, тарихи жәдігерлеріміздің терең тамырына үңілу екенін атап өтті. «Біз олардың сақталуы мен көбеюі жолында аянбай еңбек етуіміз керек» деді аймақ басшысы.

ШҚО әкімі баспсөз қызметі

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В биоцентре Семея проснулся медведь

Читали: 30 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 27.01. “Semeyainasy” – Несколько дней назад любимец семейчан Гриша вышел из …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ