Домой / Новости / ВКО / Депутат Нұртай Сабильянов Аягөзге келді

Депутат Нұртай Сабильянов Аягөзге келді

data-ad-slot="1867841055">

20150820133005

Семей.20.07. “Semeyainasy” – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз ауданында болып, бірнеше ауылдарды аралады.
Жылдағы дәстүр бойынша халық қалаулысы өзі сайланған өңірлерді аралап, сайлаушылармен кездесті. Алдымен Аягөз қаласына аялдаған депутат кездесу барысында халықтың ойында жүрген өзекті проблемаларды көтеріп, атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Зейнетақы жүйесі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген өзгерістер де назардан тыс қалмады.
2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттен облыс бойынша 5 мектептің құрылысына, ауыз су құбырларын тартуға және қала көшелерін жөндеуге қаржы бөлінді. Аягөз қаласы мен осы ауданға қарасты бірнеше ауылды сумен қамтамасыз етуге де қаржы қарастырылды. 2018 жылдан бастап халық саны 2000-нан асатын елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқаруға жеке бюджет енгізіледі. Нәтижесінде ауылдық елді мекендерде интернет желілері тартылып,тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, – деді халық қалаулысы өз сөзінде.
Н. Сабильянов бұдан бөлек білім беру, мектеп салу істеріне де тоқталды.
– Мен үшін Қазақстанның өркендегені және әрбір қазақстандықтың жақсы өмір сүргені маңызды. Шамам жеткенше, депутат ретінде, қай өңірдің азаматы қандай сұрақпен хабарласпасын, мәселенің заңға сай шешімін табуға тырысып келемін. Барлықтарыңызға деген сый-құрметім ерекше. Мен осы ауылда білім алдым. Ауылды сағынғанда орта мектепті бітіру туралы аттестатыма бір қарап қоямын. Осы жерден алған білімім жоғарғы оқу орнын үздік бағамен аяқтауыма себеп болды. Қай салада қызмет етсем де мектептен алған білімім мен ауылдан алған тәрбием жол көрсетушім болды. Береке-бірлігі мығым ауылым мен елімнің ары қарай өсіп-өркендеуі үшін қай уақытта да көмек көрсетуді перзенттік парызым деп білемін, – деді Н. Салихұлы Нарын ауылдық округінде сөйлеген сөзінде.
Аягөз ауданына қарасты Нарын, Тарбағатай, Қарағаш, Сарыарқа ауылдық округтерін аралаған халық қалаулысы, ондағы мекемелер мен өндіріс орындарының, жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысып, халық сауалдары мен өтініштерін тыңдады.

Ә. Айбеков

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

«Переходный период» или «сговор» против «зеленого» автопарка? В Семее продолжаются транспортные разборки

Читали: 63 data-ad-slot="1867841055"> Семей.17.04.”Semeyainasy” – Вчера стало известно о том, что акимат Семея прекращает договорные …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ