Домой / Новости / ВКО / ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 17.01. “Semeyainasy” – Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

Аталған жарыс 6-9 ақпан күндері Атырау қаласында самбо күресінен өтетін ел чемпионатына іріктеу болып табылады. Абай, Аягөз, Жарма, Глубокое аудандары және Өскемен мен Семей қалаларының 100-ден аса балуаны 9 салмақта сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Раушан Алпысбаева құттықтау сөз сөйлеп, жеңіске жеткендер ел чемпионатында Шығыс Қазақстанның намысын сәтті қорғасын деген тілегін жеткізді. Шығыс Қазақстан облыстық «Спорттық және жауынгерлік самбо» Федерациясының вице-президенті Пәрман Имаханов Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының «Құрметті спорт ардагері» медалін Сәрсен Байжұмановқа, «Самбо күресінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» медалін Ерлан Канкиев пен Арнұр Жакуповқа табыстады. Сонымен қатар Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академясының спортшылары Руслан Жарқынбаевқа самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қуандық Стамполовқа самбо және дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қуаныш Рәтаевқа самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын растайын куәлік табысталды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академясының баспасөз қызметі       

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Режим карантина будет продлён ещё на две недели – Касым-Жомарт Токаев

Читали: 60 data-ad-slot="1867841055"> Семей.13.07.”Semeyainasy” – В связи с эпидемиологической ситуацией в стране режим карантина будет …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ