Домой / Новости / Город / ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Семей. 12.02. “Semeyainasy” – Қостанай қаласының «Қостанай» спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында өткен додаға еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық спортшы қатысты. Аталған біріншілік нәтижесі бойынша 2020 жылы ел намысын халықаралық додаларда қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады. Аталған жарысқа Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академясының дзюдошылар да қатысып қайтты. Ұлдар арасында 55 келі салмақта Серікхан Оразаев 2 орын алса, 73 келіде Жалғас Қайролла үздік үштіктен көрініп, қола медаль қоржынға салды. Ал қыздар арасында Ажар Асхат 70 келіде топ жарып, жасөспірімдер арасында ел чемпионы атанды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В ВКО прошла встреча ветеранов и тружеников тыла

Читали: 20 ​Семей. 22.02. “Semeyainasy” – В ВКГУ им. С. Аманжолова ветераны университета и труженики …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ