Домой / Новости / Город / Ермак Сәлімов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ермак Сәлімов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қала әкімі  13 қыркүйек күні қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесу барысында жиі қойылған  сұрақ тұрғын үй мәселесі,  заң шеңберінде және кезек бойынша шешілетіндігін атап өтті қала басшысы.

Көп балалы  және жалғыз басты аналар қала әкімінен  баспаналарын жөндеп беруде көмектесуді сұрады. Осы сұрақтар бойынша сенбі күні  қала әкімі  жөндеу жұмыстарын қажет ететін бірнеше үйге барып, өзі танысты. Оның ішінде Комсомол кентіндегі жалғыз тұратын  73 жасар ақ жаулықты анамыз да бар.  Жаңбыр жауғанда үйдің шатырынан  су ағатындықтан, жөндеуді қажет етеді. Алдағы уақытта қала басшылығы жөнделетіндігін айтты.

Тұрғындардың барлық сұрақтары бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Қала әкімінің қабылдауында 29 қала  тұрғыны болды.

Роллан Кемербаев, Семей қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы

От Levi

Посмотрите также...

В Семее пройдут антитеррористические учения

Читали: 32 Семей. 14.11. “Semeyainasy” – 15 ноября 2019 года на территории города Семейским городским …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ