Последние новости
Домой / Новости / Город / Еңбек күні мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті

Еңбек күні мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20170925-WA0024

Семей.25.09. “Semeyainasy” – Қаламыздағы орталық кітапханада Еңбек күні мерекесіне орайластырылып дөңгелек үстел болып өтті. Айта кетерлігі, ел басы Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылдың 22 қарашасында «Еңбек күні» мерекесі бекітілді. Осы жылдан бастап мейрам қарсаңында көптеген іс шаралар мен конференциялар республикалық, қалалық, облыстық көлемінде жиі өткізіліп тұрады. Бүгінгі өткен дөңгелек үстелді «Кәсіподақтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сабит Ибраев жүргізді.

Ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты еңбек адамының беделін көтеру, еңбек өнімділігін ынталандыру, тысқары елеусіз қалып жатқан жұмыс мамандықтарды насихаттау және жастарды өндіріс саласына тарту болып табылады. Шара барысында жиынға қатысушылар көбінесе қазіргі таңда жалақы мөлшері өте аз көлемде төлнетіндігі, мүгедектерге жұмыспен қамтуға қолайлы жағдай толыққанды жасалмай жатқандығы турасында көптеген мәселелер қозғалды. Сонымен қатар «Жастар неге тракторшы, дәнекерлеуші, слесарь-сантехник сынды мамандықтарына барудан қашады?», «Арнаулы кәсіби мамандық алған жастар неге жұмыссыз жүр?» деген сауалдарға жауап іздеп, өз ойларын ортаға салды.

Басқосуға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Болат Темірғалиұлы, ШҚО кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалының әлеуметтік сұрақтар бойынша маманы Кенжіғазы Токжигитов, қаламыздағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы Қайрат Жөкебаев және тағы да басқа бірқатар азаматтар қатысты.

Бүгінгі таңда Семей қаласында кәсіптік оқулар 33 мамандық бойынша 16 колледжде жүргізілуде. Бағдарлама қатысушылары – 29 жасқа дейінгі жастар, олар оқу уақытында айына 16759 теңге шәкіртақы алады, сондай-ақ қаланың ауылдық өңірлерінде тұратындарға қалада тұрған шығындарымен келу және қайту үшін қосымша 24 мың теңгеден аса ақша төленеді.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Восточном Казахстане состоялось открытие литературной выставки «30 лет созидания – 30 лет достижений»

Читали: 49 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 27.01. “Semeyainasy” – Открытие праздничной литературной экспозиции, посвященной 30-летию независимости Казахстана, …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ