Домой / Новости / Город / Жапондық дәрігерлер Семейге келді

Жапондық дәрігерлер Семейге келді

data-ad-slot="1867841055">

Без названия (4)

Семейдің өңірлік онкологиялық диспансерінде «Онкологиялық ауруларды анықтаудың жаңа жолдары» атты шеберлік сыныбы өтуде. Тамыз айының 27-інде бастау алған шеберлік сыныбы аясында Жапонияның Нагасаки Университетінің профессорлары іс-тәжірибелерімен бөлісті. Шараға Қазақстан және Жапония елдерінің онколог, патоморфолог, эндоскопист, гематолог дәрігерлері қатысты.

Айту керек, бүгінгі күні Семей өңірінде қатерлі ісік ауруларына ұшырағандар саны көп. Онкологиялық аурулардың белгілерін ертерек анықтау мақсатында өңірлік онкологиялық диспансері мен Семей мемлекеттік медициналық университеті Жапония елінің Нагасаки Университетімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Күншығыс елінің білікті медицина мамандарының келуі Семей мен Жапония әріптестігінің айқын көрінісі болса керек.

Онкологиялық дерттің пайда болуы, оны емдеудің әдіс-тәсілдері жан-жақты талқыланған шеберлік сыныбының соңы дөңгелек үстелге жалғасты. Жиында сөз алған Нагасаки университетінің вице-президенті Ямашта Шуничи онкологиялық диспансердің директоры Марат Сандыбаев пен Медицина Университетінің ректоры Ерсін Жүнісовке денсаулық сақтау саласын өркендету жолында қосқан үлестерін бағалап өз тарапынан алғыс білдірді.

-Медициналық және Нагасаки Университеттерінің арасындағы достық қатынас 1998 жылдан басталған болатын. Осы күнге дейін Нагаскаи Университетінің арнайы бағдарламасы арқылы Семей қаласынан 120-дан астам дәрігер Жапонияға келіп, біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өзіміздің мықты мамандарымызды да осында жіберіп отырамыз. Осы ретте Шығыс өңіріндегі медицина саласына айрықша көңіл бөліп отырған аймақ басшысы мен Денсаулық сақтау саласының басшысына зор алғысымды білдіремін. Екі ел арасындағы әріптестік байланыс тұрақты болады деген сенімдемін,-деді Нагасаки Университетінің вице-президенті Ямашта Шуничи.

Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансері патоморфология бөлімінің меңгерушісі Салтанат Болсынбекованың сөзіне қарағанда, бүгінде медицина жақсы дамып келеді. Әсіресе Жапонияны медицинасы өте жақсы дамыған елдердің қатарынан екені баршаға аян. 29-шы тамыз күні өз мәресіне жететін шеберлік сыныбында жапондық дәрігерлер медицинаның эндоскопия және патоморфология салаларына басымдық бермек. Бұл өз кезегінде біздің жергілікті мамандардың шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, жаңа технологиялар арқылы онкологиялық ауруларға төтеп берулеріне септігі мол болмақ,-дейді С.Болснбекова.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Около 100 тысяч восточноказахстанцев получат вакцину от коронавируса

Читали: 46 data-ad-slot="1867841055">   Фото из интернет источников Семей.26.01.”Semeyainasy” – Сегодня в ВКО было проведено …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ