Домой / Новости / Город / Жарыс жолында 34 команда

Жарыс жолында 34 команда

data-ad-slot="1867841055">

Волейбол - Спорт академиясы (4)

Семей.22.04.”Semeyainasy” – Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Семей спорт академиясының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналып 2002 – 2003, 2004 – 2005, 2006 – 2008 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан облыстық ашық турнир басталды. Турнирде бас – аяғы 34 команда бақ сынауда. Нақтырақ айтсақ, 2002 – 2003 жылы туғандар арасында 7, 2004 – 2005 жылы туғандар арасында 13, 2006 – 2008 жылы туғандар арасында 14 команда өзара мықтыларды анықтауда. Нұр – Сұлтан қаласы 2, Өскемен қаласы 6, Семей қаласы 5, Аягөз ауданы 3, Абай, Бесқарағай, Жарма, Үржар аудандары 2, Шемонайха мен Риддердің және Семей спорт академиясының бір командасы жеңіске жетудің жолын іздеуде. Команда көп болғандықтан жарыс алты күнге жалғасады деп күтілуде. Жарыстың ашылу салтанатында Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, «Семей» волейбол клубының негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Омаров сөз сөйлесе, спорт жанашырлары Шаған Жұмақсанов, Әсетқан Досқожанов құрметті қонақтар қатарында болды.

– Шығыс Қазақстан облысында спорттың барлық түрлері дамуда. Оның ішінде волейбол да бар. Облыс әкімі Даниал Ахметов волейболдың дамуына барынша қолдау көрсетіп келеді. Облыс орталығы Өскемен қаласында волейболдан республикалық, халықаралық жарыстар жиі өтеді. «Алтай» волейбол клубы өзінің кәсіби шеберлігін көрсетуде. Өткен жылдың аяғында Семей қаласына келген сапарында Даниал Кенжетайұлы спорт академиясына келіп, «Алтай – 4» командасының волейболшы қыздарымен жүздесіп, дайындықтарына жоғары баға берді. Осы жарысқа қатысып жатқан жасөспірім қыздардың ішінен академияның волейбол бөліміне іріктеу жүргіземіз, – дейді Семей спорт академиясының директоры Мерейғалы Қойшыбекұлы.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Несовершеннолетний спрыгнул с автогужевого моста в Семее

Читали: 38 data-ad-slot="1867841055"> Семей.23.01 «Semeyainasy» – В Семее автогужевого моста в Иртыш спрыгнул 17-летний юноша, …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ