Домой / Новости / Город / Жастар Жолдауға қолдау білдірді

Жастар Жолдауға қолдау білдірді

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20180115-WA0008

Семей. 15.01. «Semeyainasy» – Мемлекет басшысының қазақстандықтарға арнаған биылғы Жолдауымен алғашқылардың бірі болып Семейдің жастары танысты. Елбасы Жолдауын басты назарға алған жастар мәслихатының депутаттары, жоғары оқу және арнаулы орта білім беретін орындардың студенттері Абай атындағы кітапханада өткен дөңгелек үстелде бас қосты. Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев пен Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Олжас Соғымбайдың жетекшілігімен өткен отырыста еліміздің басты құжатында көрсетілген он басымдық жан-жақты түсіндіріліп, ой-пікірлер айтылды.

– Биылғы Жолдаудан біз егеменді еліміздің кемел келешегін, алып мемлекеттер қатарына қосылу жолында қойылған нақты мақсат-міндеттерді көреміз. Оларды жүзеге асыру жастардың білімділігіне, одан кейін белсенділігіне тікелей байланысты,-деп өз сөзін бастаған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы тосыннан туындаған құжат еместігін, бұл осыдан алты жыл бұрын жарияланған «Қазақстан – 2050» стратегиясының белесі екендігін еске салды.

– Бұған дейін үшінші жаңғыру үрдісінен өттік. Өткен жылы ел саяси, экономикалық, рухани жаңғыруға барынша көңіл аударып, тарихын білетін, тілін, дінін түсінетін жас ұрпақты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар көптеп өткізілді. Қазақ елінің ұлт ретінде ұйыса білуінің, ұлтаралық түсіністіктің, төзімділік пен сенімділіктің арқасында биік белестерді бағындырдық. Осы жолы Ұлт Көшбасшысы алдағы жылдары атқарылуы тиіс он бағытты айқындап берді және жастарға зор сенім білдірді. Себебі Елбасының саясатын іске асыратын қозғаушы күш – жастар,-деді А.Садырбаев.

Ашық әңгіме түрінде өрбіген жиында Жастар мәслихатының депутаты Сұлтан Мейрамбеков Жолдаудың басты бағыттары туралы өз пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, инновациялардың дамуы, ресурстық әлеуетті, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, көлік-логистиканы жетілдіру, білім берудің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, «Смарт Сити» тұжырымдамасын енгізу Қазақстанды жаңа белеске шығаруға мол мүмкіндік береді.

–  «Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы» атты  жетінші басымдық бірден назарымды аударды. Себебі, Жолдауда көрсетілгендей, балалардың ерте дамуы үшін мектепалды білім беруде 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай, оқушылардың өз бетінше оқу машығын, әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізілуі керек. Сондай-ақ мектептерде жаңартылған мазмұнға көшу басталды. Ол 2021 жылы аяқталмақ.  Жаңа технологияларды енгізуге пайдасы мол математика, жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажеттілігі туындап отыр. Бұл – технологияны жіті меңгерген маман дайындап, алдыңғы қатарлы елдерге ілесудің маңызды шарты екендігін Елбасы жақсы айтып кетті. Сол сияқты балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру, орыс тілді мектептерге мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемесін әзірлеу, латын әліпбиіне көшу біздің болашағымыз үшін тиімді екеніне шүбә жоқ,-дейді С.Мейрамбеков.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Президенттің бастамаларын қолдайтындықтарын айтып, алдағы мақсаттарға жету үшін бір кісідей атсалысатындықтарын жеткізді.

 

Айзада Сламбаева

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Задержан водитель автобуса в состоянии наркотического опьянения

Читали: 60 data-ad-slot="1867841055"> Семей.21.01 ” Semeyainasy” – В Восточном Казахстане за первые сутки ОПМ «Автобус» …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ