Домой / Новости / Город / Жас ақын арнайы жүлдемен марапатталды

Жас ақын арнайы жүлдемен марапатталды

WhatsApp Image 2019-07-29 at 16.46.54

Семей.29.07. “Semeyainasy” – Шәкәрім университетінің жалынды ақыны Тілеутай Айшолпан Аягөз ауданының Ақши ауылында өткен  Илияс Бекентұрұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «АУЫЛЫМ – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМ» аймақтық ақындар айтысында ІІ орынға ие болса, талантты ақын Айбек Жеңісқазин арнайы жүлдемен марапатталды.

8 жұп ішінен суырылып шыққан жас  таланттар университетіміздегі Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірті. Ақындарымыз  бұған дейін де додаларда бақ сынап, мен деген талай ақынды шаң қаптырған болатын. Талантын талабымен ұштастырған Айшолпан – алда үлкен айтыстар күтіп тұрғанын, және жүлдеден үміткер екенін айтып, жоспарларымен бөлісті.

Айта кетейік, Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебі  талантты жастарға қолдау көрсетіп, аламандарға сайлап қосып, жұлдызын жағуда. Бүгін де жұлдызы жанған ақындар қатары артып келеді. Таланттарымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы жоспарларына сәттілік тілейміз!

Наргиз Камбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

IMG-20190817-WA0026

В Семее состоялся традиционный футбольный матч между командами акимата и СМИ

Семей.17.08.”Semeyainasy”. На стадионе “Спартак” состоялся традиционный футбольный матч между командами акимата и СМИ. Но традицию …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ