Последние новости
Домой / Новости / Город / Жас пікірсайысшылар додасы «Сәтті қадам- 2017»

Жас пікірсайысшылар додасы «Сәтті қадам- 2017»

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171106-WA0019

Семей.06.11. “Semeyainasy” – Қаламыздағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Конгресс» дебат клубының тікелей бастамасымен жас буындарға арналған «Сәтті қадам -2017» клубішілік пікірсайыс турнирі өтті. Дәстүрлі түрде 5-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан додада дебатқа енді ғана келген жас пікірсайысшылар ораторлық қабілеттерін шындап, өз араларында мықты фракциялар мен ең үздік спикерлерді анықтады. Турнирдің іріктеу раундтары Британдық Парламенттік форматында (БПФ) өтсе, ал финалдық ойындар Америкалық Парламенттік пікірсайыс форматында(АПФ) ойнатылды. Тартысқа толы турнирге жалпы саны 15-ге жуық фракция қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша барлық қарсыластарын оқ бойы озған Филология факультетінің 1-ші курс студенттері «Sahari» фракциясы: Айдын Тоқтасын мен Амина Ғазизова кубокты қанжығаларына байлады. Ал өздерінің ойнау стильдерімен ерекшеленген «Индженио» фракциясы: Алуа Қасенова мен Алтынай Ғалбиатқызы және «Джунгли 718» фракциясы Қуаныш Орманбеков пен Диана Төлеуова жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сонымен қатар 4 раундтың көрсеткіші бойынша 30 спикер арасынан ең көп балл жинаған Алуа Қасенова «Ең үздік спикер» номинациясын жеңіп алды.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Казахстан перешел в «красную» зону по коронавирусу

Читали: 25 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 28.01. “Semeyainasy” – Первый вице-министр здравоохранения РК Марат Шоранов рассказал о …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ