Домой / Новости / ВКО / Жас сарбаздар алғаш рет атыс қаруынан оқ атты

Жас сарбаздар алғаш рет атыс қаруынан оқ атты

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 25.08. “Semeyainasy”Аягөз гарнизонының «Майлин» далалық тәжірибелік жаттығу полигонында танк бригадасының 130 жас сарбазы алғашқы атыс жаттығуын өткізді.

Алғашқы әскери қызметтің дайындығы барысында олар атыс қаруының құрылымын, жауынгерлік ұрыстағы мүмкіндіктері мен ерекшелігін, сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын теория жүзінде игерді.

Атыс жаттығуы барысында өрендер бастапқы оқу-атыс жаттығуын орындады. Алғашқы күннен бастап командирлер мен тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен ату жаттығуларын және әскери қызметтің басқа да бағыттарын жақсы игерді.
Жас сарбаздардың бұл алғашқы жаттығуларын «жауынгерлік жолының бастамасы» деп айтуға болады. Әскердегі бір жыл қызмет ішінде оларды осындай ауқымды сабақтар, оқу-жаттығулар мен далалық жиындар күтуде.

«Сарбаздар әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйреніп, енді ант қабылдауға әзір. Біз олардың әскери борышын өтеуге деген талаптары мен жалынды сөздерінен үлкен қызығушылық, ал жанарларынан ұшқынды көрудеміз», – дейді танк бригадасының жас сарбаздар рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Ернұр Байымбетов.
Алғашқы атыс жаттығуының қорытындысы бойынша қатардағы жауынгерлер Бекзат Салаватов пен Еркелді Қадырбеков жақсы нәтиже көрсетіп, өзгелерден оқ бойы озық шықты.

Semeyainasy

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Карантин могут усилить в Казахстане

Читали: 37 data-ad-slot="1867841055"> Об этом рассказал министр здравоохранения. Фото : elorda.info27 ноября 2020, 17:01 Семей.27.11.”Semeyainasy” – …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ