Домой / Новости / Город / Жерлесіміз Азия Чемпионатының жүлдегері атанды

Жерлесіміз Азия Чемпионатының жүлдегері атанды

data-ad-slot="1867841055">

00-6-e1500433778804

Семей.20.07. “Semeyainasy” – Жуырда Бішкекте дзюдодан өткен Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті. Жапония мен Оңтүстік Кореяға жол берген Қазақстан құрама командасы аталған Чемпионатта жалпы есепте ІІІ орынға табан тіреді.
Құрама командаға енген семейлік спортшылардың саны -3. Соның тек біреуі ғана, жерлесіміз Назерке Тілеуханова, жүлдеге ие болды. Ал Қазақстан құрама командасы енген 20 дзюдошының ішінен жүлдеге ие болғандар саны – 9. Оның ішінде 3 алтын, 1 күміс, 9 қола медаль біздің еншімізде.
Азияның 17 елінен келген 177 дзюдошы бақ сынаған Чемпионатта 78 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Назерке Тілеуханова қола жүлдеге ие болды. Ол Өскемен қаласындағы ШҚО жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің түлегі, Қазақстанда төрт жылда бір өтетін Жастар ойындарының биылғы жылғы жеңімпазы.
Назерке қазіргі күні жоғары санатты бапкер Думан Бүгілбаевтан тәлім алуда. Жерлесіміз қазан айында Хорватия Республикасында өтетін Әлем біріншілігінде бақ сынамақ. «Мен мұнымен тоқтап қалмаймын, алда талай жарыстар бар. Келесі жолғы Чемпионатта алтыннан алқа тағуға үміттімін», – дейді ол.
Байрақты бәсекелерде еліміздің атын шетелге танытып жүрген бұрымды қарындасымызға тек сәттілік тілейміз.

Ә. Айбеков

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Люксембурге прошел вечер поэзии Абая 

Читали: 29 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 22.10. “Semeyainasy”- Мероприятие было организовано Посольством Казахстана Бельгии и Ассоциацией сотрудничества …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ