Домой / Новости / Город / Жерлесіміз Азия чемпионы атанды

Жерлесіміз Азия чемпионы атанды

data-ad-slot="1867841055">

Bas-zh8lde-640x480

Семей.14.08. “Semeyainasy” – Семейлік Ерасыл Жақбеков жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионы атанды. Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген Ерасыл ақтық кездесуде ирак және жапон боксшыларымен жұдырықтасып, екеуін де мерзімінен бұрын нокаутқа жіберген.

Филиппин мемлекетінің Пуэрто-Принсеса қаласында өткен бұл дүбірлі дода әлемнің 20 мемлекетінен келген 160 былғары қолғап шеберлерінің басын қосқан. Сегіз спортшыдан құралған Қазақстан құрама командасы командалық есепте І орыннан көрінсе (6 алтын, 2 күміс, 2 қола), Өзбекстан құрама командасы ІІ (3 алтын, 3 күміс), Жапония құрама командасы ІІІ орынды иеленді (2 алтын, 1 күміс).

Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінгендер қатарында Махмуд Сабырхан (48 кг), Бейбарыс Жексен (52 кг), Айтжан Әшірхан (54 кг), Ерасыл Жақбеков (70 кг), Қуандық Мақсұт (75 кг) және Сағындық Тоғамбай (80кг) сынды боксшылар бар.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Железнодорожные билеты подорожают в Казахстане

Читали: 25 data-ad-slot="1867841055">   Семей.18.01.”” –  В Казахстане с 1 марта 2021 года железнодорожные билеты …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ