Домой / Новости / Город / ЖЕҢІСКЕ ЖІГЕР БЕРЕР СЕМИНАР

ЖЕҢІСКЕ ЖІГЕР БЕРЕР СЕМИНАР

IMG_1570

Семей.14.03.»Semeeyainasy» — Семей спорт академиясының еркін күрес бөлімінің шәкірттеріне арналып семинар сабақ ұйымдастырылып, шеберлік сағаты өтті. Грек – рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы төрешілер корпусының төрағасы, 1S халықаралық дәрежедегі төреші Ерік Жұмабеков Семей спорт академиясына арнайы келіп, балғын балуандармен кездесті. Семинар барысында Ерік Оралұлы акедемияның жас балуандарына айла – тәсілдерді тиянақты жасау, қарсыласқа тәсілдер жасағанда ұтымды қимылдау, ұпай алу сияқты маңызды жайттарды түсіндірді. Ерік Оралұлы әлемдік деңгейде өткен жарыстардан қызу талқыға түскен кездесулердің бейне жазбаларын әкеліп, оқушылардың ортақ талқысына ұсынды. Тіпті, ара – тұра боз кілемде қайталап көрсетіп, қызу пікірталас та орын алды.

IMG_1565

– 16 – 20 наурыз күндері Талдықорған қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында (2002 – 2004 жылы туғандар) ел чемпионаты өтеді. Сондықтан семинар немесе шеберлік сағатымызды аталған жарысқа психологиялық тұрғыдан дайындық деп те атаған жөн. Бұлар әлі жас қой. Білгендерінен білмегендері көп. Жасаған айла – тәсілдеріне алатын ұпайларын күресе жүріп түгендеп үйренулері керек. Албырттықпен кейде мінездері де сыр беріп қояды. Бапкерімен үнемі үйлесімде болуы қажет. Осының барлығын боз кілемде алқа – қотан отырып, әңгімелесе жеткізіп жатырмыз, — дейді Ерік Жұмабеков.

Академия директоры, самбо күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мерейғалы Көшкінов мұндай семинардың шәкірттер үшін маңызы зор екенін айтады. Мерейғалы Қойшыбекұлының айтуынша, балғын балуандар кейде ережені жете білмегеннен кейін ұтылып жатады екен.

Еркін күрес бөлімінің жаттықтырушылары Жанболат Мағзұмов, Дәулет Мұхамедиев, Рауан Көксегеновтер де семинар шәкірттерінің дамуына және жеңіске жігер беретініне бек сенімді.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

IMG-20190520-WA0029

В Семее выбрали лучшего учителя НВП

Семей.23.05.»Semeyainasy» — Совсем скоро для школьников прозвенит последний звонок. Итоги учебного по традиции подводят не …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ