Домой / Последние новости / Жеңіс Күнін атап өтуге 15 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты

Жеңіс Күнін атап өтуге 15 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты

IMG-20190509-WA0044

Семей.09.05.»Semeyainasy» — Семейде Жеңіс күнін кеңінен аталып өтті. Орталық алаңнан бастау алған «Батырларға тағзым» шеруіне 10 мың адам қатысты. Жеңіс саябағына жиналған жергілікті халық қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Жалпы іс-шараға қатысқан тұрғыныдар саны 15 мыңнан асады.

— Жеңіс күні-бұл әрбір үшін қасиетті және қымбат мереке, — деді қала әкімі Ермак Сәлімов. -Біз батыр елдің ұрпағымыз. Тарихта біз ұялатын ешнәрсе жоқ. Бүгінгі ұрпақ батырлар қайсарлығынан үлгі алып, бой түзейді. Жерлестеріміздің ерлігі мен батылдығы әрқашан есімізде.

Жеңіс саябағында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері дала асханасын ұйымдастырып, үлкен дастархан жайды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін 200 килограммға жуық сарбаз ботқасы пісірілді.

IMG-20190509-WA0028IMG-20190509-WA0019IMG-20190509-WA0029

— Мен 1942 жылы қызыл әскер қатарына шақырылдым, — деді құттықтау сөзін алған ҰОС ардагері Ахметкәрім Ахмадиев. – Айналайын жастар, ел шаңырағын шайқалтпай алға қарай ұмтылыңдар. Қазір білімді адам жеңіске жететін заман. Сондықтан ұстаздарыңды сыйлап, білімге бар күш-жігерлерінді салыңдар. Барлықтарыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!

20190509_10560820190509_10485420190509_105619

Халық серуендері кешке дейін жалғасады. Сағат 20.00-де Орталық алаңда мерекелік концерт өтіп, көркем ұжымдар соғыс жылдарындағы әндерді орындайтын болады. Жеңіс Салтанаты мереке нүктесін Жеңіс салюты қояды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

IMG_2205

Лучшей невесткой ВКО стала келин из Семея

фото Ермека Имангазинова Семей.17.05.»Semeyainasy» — Шестой областной конкурс «Аяулы жас келін» состоялся в селе Калбатау …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ