Домой / Новости / Город / Жол, тағы да жол!

Жол, тағы да жол!

DSC_0837

Семей.14.09. «Semeyainasy» — Семей қаласының жолдары қаншалықты нашар немесе аяқ басып жүру мүмкін емес екендігі турасында көп жерлерде айтылып, жазылып та жүр. Кеше ғана Абай атындағы әмбебап кітапханасында өткізілген қоғамдық кеңесте де осы мәселе қайтадан қозғалды. Нақтырақ айтқанда, №3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының ата-аналары Паровозный көшесіндегі жолдың сапасы жылдар бойы сын көтермей тұрғанын айтып, қоғамдық кеңестің орынбасары Жанна Жибраевадан көмектесулерін сұрады.

Жиынға қатысқан қаламыздың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов барлығын өткен аптада жөндеп қойдық деп ақталғанымен, кешегі күннің фото суреттерін алдына әкеліп: «Жасалған жұмыс қайда?», «Нәтижиесі осы ма?» деп сұрақтың астына алды осы интернаттың ата аналар комитетінің төрайымы Зульфия Беркеева. Жиын соңында Серікқали Жұманов барлығын ертеңнен бастап қолға алам деп уәде етті жиналған көпшілік қауымның алдында. Қазіргі таңда бұл мекемеде көру қабілеті нашар 60-қа жуық бала болса, соның ішінде 70 пайыз бүлдіршін бала күнінен мүгедек.

№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының ата-аналар комитетінің төрағасы Зульфия Беркеева:
— Осы қағаз жұмыстарымен акиматқа, ЖКХ-ға хат жазып хаттама толтырып жүгіріп жүргеніме биыл 4 жылдың жүзі болды. Шыдамның да шегі бар емес па осы уақытқа дейін жоғарғы жақтағы адамдардың әрекетсіздігіне шыны керек қатты назалымын. Балаларымыз Паровозная көшесінде орналасқан интернатқа жақындаған кезде аяқтары сырғып кетіп шұңқырларға түсіп, шалынып, құлап жатады. Бір жерлерін оқыста жарақаттап алып жатқаны бізге керек емес, – деді көзінен жас үйірілген ата-ана.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

images (12)

В ВКО объявлено штормовое предупреждение

Семей. 20.09. «Semeyainasy» — 22-24 сентября в Восточно-Казахстанской области ожидаются осадки (дождь с переходом в …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ