Последние новости
Домой / Новости / ВКО / Жүктіліктің жай-күйін қалай анықтауға болады?

Жүктіліктің жай-күйін қалай анықтауға болады?

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 22.10. “Semeyainasy” – Гинеколог дәрігер тест нәтижелерін растағаннан кейін, әйел үшін дәрігерге тұрақты түрде барып тұру қажет болады.

Әр триместрдегі әртүрлі талдаулардан басқа, дәрігер іштің өлшемдерін алып, жүкті әйелдің салмағын өлшейді. Бір қызығы, бірінші триместрде әйел негізінен токсикоздан салмағын жоғалтады. Ал салмақ қосу тек екінші триместрден басталады. Іштің өсуі де төртінші айдан кейін біліне бастайды. Бірінші биохимиялық скрининг жүктіліктің 10-13 апта аралығында жүргізіледі. Екіншісі 16-20 апта аралығында өтеді. Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің талабы бойынша, аяғы ауыр әйелдер үш рет ультрадыбыстық скринингтен өтуі керек:
1. алғашқы триместрде, яғни, жүктіліктің 10-12 аптасында;

  1. 19-20 апта аралығында;
  2. 32-34 апта аралығында.

Бұлардың ішіндегі маңыздысы – екінші триместрдегі ультрадыбыстық тексеру. Мұнда іштегі шарананың жағдайы, мүшелерінің қалыптасып дамуы 22 параметр бойынша тексеріледі. Егер баланың дамуында қандай да бір күрделі кемістігі барын тек ультрадысытық зерттеу ғана емес, басқа да мамандар нақтыласа, онда мәселе дәрігерлік кеңес беру комиссиясында қаралады. Бұдан кейін құрсақтағы баланың жағдайы туралы ата-анасына хабарлап, мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндіреді. Айта кететін жайт, медициналық сақтандыру мәртебесі бар тұлғалар, жүктілік кезіндегі барлық зерттеулер мен сараптамаларын ақысыз, яғни тегін қабылдай алады.

Өзге де, тағайындалатын консультативті-зерттеу әдістерін ұсынылған суреттен көруге болады.

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ ШҚО бойынша филиалы

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Рост заболеваемости COVID-19 фиксируется почти во всех регионах РК

Читали: 25 data-ad-slot="1867841055"> Семей.24.11.”Semeyainasy”- До пяти увеличилось количество регионов, оказавшихся в «красной зоне» распространения коронавируса, …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ