Домой / Новости / Город / Жұмыссыз жастарға 400-ден аса грант бөлінді

Жұмыссыз жастарға 400-ден аса грант бөлінді

data-ad-slot="1867841055">

Жастар

Семей.10.08. “Semeyainasy” – Семей қаласында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Аталмыш бағдарлама асында қалалық жұмыспен қамту орталығына 4 мыңнан астам жұмыссыз жас өтініш білдірген екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Бағдарла 3 бағыт бойынша жұмыс істейтінін біреу білсе, біреу білмес. Бірінші бағыт бойынша үміткерлерді қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына іріктеу жұмысы жүргізілді, оқытуға 174 адам жіберілді. Оның 47-сі 29 жасқа дейінгі жастар. Олар санитарлық техник, дәнекерлеуші, аспаз, кондитер, есепші, электронды есептеуіш машина операторы, сақтандыру агенті мамандықтарын игеріп шығады. Бағдарлама қатысушыларына ай сайын 16 мың 759 теңге көлемінде шәкіртақы төленсе, ауылдық өңірлерден келгендерге материалдық көмек ретінде 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 11 мың 345, жол жүру шығындарын өтеу үшін 9076 теңге беріледі. Жаппай кәсіпкерлікті көздейтін екінші бағыттың да тиімді тұстары жетерлік. Өтініш берген адам «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерліктің қыр-сырын терең меңгеріп, шағын несиелер алу арқылы өз кәсібін дөңгелетуге мол мүмкіндік алады. Ал, бағдарламаның халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбектік ресурстар ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту жөніндегі үшінші бағытына сәйкес жастар ішінен 1075 адамды тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастыруға көмек көрсетілген екен. Бұл бұрнағы жылдармен салыстыра қарағанда көп.

– Бүгінгі күні шаһардағы бірқатар кәсіпорындарға жаңа заманауи құрал-жабдықтар сатып алынуда. Осы ретте заманауи технологияны меңгерген мамандарға деген сұраныс күн сайын артып келеді. Жастарға теория мен тәжірибені қатар алып жүруге жағдай жасау көзделуде. Осы орайда жұмыс берушілердің қосымша қаржыландыруы бойынша оқыту жұмыстары жүргізіледі деген жоспар да жоқ емес. Бұл жақсы істердің игі бастамасы деуге болады. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде де ауқымды істер атқарылды деп нық сеніммен айтуға толық негіз бар. Ел жастары қайта даярлау курстарынан өтіп, тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды, жұмысшы жастарға арналған жатақхана да бой көтерді. Жатақханада 29 жасқа дейінгі жастар баспанаға қол жеткізгенге дейін уақытша тұрады. Бұл жастардың аяқтарынан тік тұрып кетулеріне үкімет тарапынан көрсетілген үлкен көмек,- дейді Азамат Құрманғалиев.

Бүгінде Семей қаласы бойынша 400-ден аса грант бөлінген. Сол арқылы жастарға тегін кәсіптік білім беру үшін Семей өңірі бойынша құрылған комиссия және мобильдік топ мүшелері үй-үйді аралап, жұмыссыз жастар арасында насихаттық-ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізуде. Соның жемісті нәтижесінде құжаттарын өткізіп, өтініш беріп үлгергендер де бар, тізімі көп ұзамай облыстық білім басқармасына жіберілетін болады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан тәрбиеленіп шыққан жастарға да жеңілдіктер қарастырылып отыр, олар бастапқы емтихан тапсырмай-ақ колледждерге екі жарым жылдық оқуға түсіп, тегін білім алатын болады. Оқуды тәмәмдағаннан кейін 100 пайыздық жұмысқа орналасу мәселесі де мемлекеттің басты назарында тұр.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Полиция ВКО не разглашает подробности о случившемся инциденте в Карагайлы

Читали: 53 data-ad-slot="1867841055"> Семей.21.01 «Semeyainasy» – В Семее избили жителей Карагайлы, передает ИА «Semeyainasy.kz». В …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ