Домой / Новости / Город / Жөнсіз жарнамаларға жол берілмейді

Жөнсіз жарнамаларға жол берілмейді

data-ad-slot="1867841055">

IMG_1455

Семей. 07.09 «Semeyainasy» —Күні кеше Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова қалалық ішкі саясат, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімдері өкілдерінің қатысуымен көшпелі мәжіліс өткізді. Шара аймақ басышысының қала көркіне кері әсерін тигізіп тұрған жұлма-жұлмасы шыққан жарнамаларды жаңарту, жөнсіз жарнамаларды ретке келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Қаңтар айынан бері осы іспетті рейдтер сан мәрте өткізілген-ді. Нәтижесі де жаман емес. Ақпараттық өзектілігін жоғалтқан, «Жарнама туралы» заңнамаға сай келмейтін билбордтар аланып, жаңартылған болатын.

Бүгінгі таңда Семей өңірі бойынша 186 билборд кермесі бар. Оның тек 3-еуі ғана мемлекеттік коммуналдық мекеменің еншісінде. 12 жарнама агенттігі жұмыс істеп тұр. Дәл қазіргі уақытта жол бойында ілінген 30-ға тарта баннер ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауына, ЭКСПО көрмесіне, Алаштың 100 жылдығына арналған екен. Бұл жарнамаларды орналастыру үшін қазынадан 2 млн.400 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген көрінеді.

Рейд барысында заң талаптарына сәйкес келмейтін билборд кермелері иелеріне сыни ескертпелер жасалатын болады. Өз кемшіліктерін түзетуге асықпаған кәсіпкерлер заң аясында жауап береді,-дейді қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Айта кетейік, алдағы апта күндері көше жарнамаларына қатысты кемшіліктер жекеменшік билборд кермелерінің басшыларымен кездесуде жан-жақты талқыланып, оларға тиісті міндеттер жүктелетін болады.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

164 заболевших коронавирусом выявили в Казахстане

Читали: 50 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 24.10. “Semeyainasy” – За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 164 заболевших …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ