Домой / Новости / ВКО / Картоп бағасы неге қымбаттады?

Картоп бағасы неге қымбаттады?

data-ad-slot="1867841055">

36f162116a0d5c686eeb06be3fda53de

Семей.05.10.”Semeyainasy” – Биыл көкөніс бағасы жылдағыдан қымбаттау. Жыл сайын жиын-терін науқаны басталатын осы уақытта картоп бағасының ең қымбаты 50 теңгенің үстінде болатын. Ал қазіргі күні Ресейден әкелінген картоптың келісі 80 теңгеден, өзіміздің өніміміз 100 теңгеден саудаланып тұр. Себебін сұрасақ, биылғы баға сондай дейді саудагерлер. Ал сала мамандары биылғы жаздың аптап ыстық болғанын, көктемнің салқын болғанын алға тартады. Олардың айтуынша, мұндай жағдайда көкөніс өсіп-өнбейді.

ШҚО бойынша ең ауқымды (1600 га) суармалы жер Приречное ауылының аумағында орналасқан. Семей мен Өскемен қалаларының тұрғындарын қыс бойы көкөніспен қамтамасыз ететін агрофирма да осы ауылда. Картоп бағасының қымбаттауына қатысты «Агрофирма «Приречное» ЖШС директоры Мұхит Тұмабаев мынандай пікір білдірді:

– Жаздың аптап ыстық, ал көктемнің салқын болуы көкөністің, соның ішінде, картоптың өніп-өсуіне әсер етіп, биылғы шығым жылдағыдан аз болды. Екіншіден ауылшаруашылығы министрлігінің қаулысымен 1 гектар картоп үшін берілетін субсидия жойылды. Жыл сайын шағын шаруа қожалықтары осы субсидия арқылы картоп өсірумен айналысып келген еді. Бұл да картоптың жылдағы мөлшерінен аз болуына, бағасының көтерілуіне әсер етіп отыр. Шығыста ғана емес, жалпы Қазақстандағы жағдай осындай. Жаздың жаңбырлы болуына байланысты Ресейде де көкөніс тапшылығы байқалады. Дегенмен облыс басшылығы тарапынан Семей және Өскемен қалаларының тұрғындары үшін ертерек қам жасалып, биылғы жыл үшін 7,5 мың тонна көкөніс сатып алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 мың тоннаға артық, – дейді М. Тұмабаев.

Оның айтуына қарағанда, Семей және Өскемен қалалары үшін 4000 т картоп (2000 т – Семей, 1500 т – Өскемен), 2050 т қызылша (1050 т – Семей, 1000т – Өскемен), 1500 тонна сәбіз, 1100 тонна пияз, 1500 тонна орамжапырақ сатып алынған.

-Қазіргі күні 700 тонна қызылша, 800 тонна пияз, 1800 тонна орам жапырақ, 1700 тонна сәбіз, 4500 тонна картоп қоймада тұр. Қараша айынан мамыр айына дейін қала осы көкөністермен қамтамасыз етіледі. Тұрақты қормен 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Бұл салада тәжірибеміз бар, көкөністердің сақталуы үшін қажетті техникалардың барлығы сатып алынды. 6 жүк көлігі Семейге, 5 жүк көлігі Өскеменге күн сайын көкөністерді тасымалдаумен айналысады, – дейді агрофирма директоры.

Агрофирма жұмысымен танысқан «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары Жарқын Мұсағалиев пен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басшысының орынбасары Антон Крамаренко агрофирма жұмысына көңілі толатындарын жеткізіп, қарым-қатынасты әрі қарай жандандыра түсетінін айтты. Бұл орайда көпшілікті алаңдатқан бір мәселе бар. Ол – көкөністердің қала дүкендеріне алыпсатарсыз жеткізілуі.

-Биыл ШҚО-ның тұрақты қоры үшін 7,5 мың тонна көкөніс, оның ішінде картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз және қызылша, сатып алу жоспарланды. Компаниялар арасында конкурс жарияланғанда «Приречное» агрофирмасы ғана қажетті ауқымды қамти алды. Көкөністердің нақты бағасы мен сатылу нүктелері арнайы комиссияның қазан айында өтетін кеңейтілген отырысында анықталатын болады. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» Өскемен қаласында үстеме баға қосылмай саудаланатын 9 нүктені анықтайды. Тұрақты қордағы көкөністерді тек 10 пайыздық үстеме бағамен саудалануы үшін 59 өскемендік және 62 семейлік сауда нүктелерімен келісім шартқа қол қойылды. Тұрақты қордағы көкөністер қараша мен мамыр айлары арасында ғана саудаланады, – дейді А.Крамаренко.

Айзада Сламбаева

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Задержан водитель автобуса в состоянии наркотического опьянения

Читали: 57 data-ad-slot="1867841055"> Семей.21.01 ” Semeyainasy” – В Восточном Казахстане за первые сутки ОПМ «Автобус» …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ