Домой / Новости / Город / Кемелді жиын, келелі ой

Кемелді жиын, келелі ой

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20171006-WA0084

Семей.06.10. “Semeyainasy” – Шәкәрім университетінде Халықаралық «Акме» ағартушылылар клубының бастамасымен «Мұрат Мұхтарұлы Әуез- ұлттық рух даңғылында» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш аясында Мұхтар Әуезовтің жолын қуған, жар дегенде жалғыз ұлы Мұрат Әуезовтің «Ділім» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Мұрат ағамен кездесу үшін Қазақстанның және басқа мемлекеттің белгілі ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері арнайы келіп, кітап туралы өздерінің келелі ойларын ортаға салды. Айта кетерлігі, тарихи маңызға ие туындыны алғаш парақтаған оқырмандары Семей жұртшылығы болғаны көңіл қуантарлық.

Жиында сөз алған Арап Еспенбетов «Ділім» кітабы өте жоғары деңгейде жазылғанын айтып, өзі профессор болса да кейбір сөздер өте күрделі жазылғандықтан, сөздікке жүгінуге мәжбүр болғанын тілге тиек етті. Мұрат Мұхтарұлының қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығармасы болғандықтан, бұл кітапты жазып шығуды ұзақ армандады және көздеген мақсатына жетті деп айтсақ та артық айтпаспыз.

IMG-20171006-WA0086

Шара барысында университет ректоры Мейір Ескендіров «Акме» клубының арнайы төс белгісімен сонау Туркия мемлекетінен келген Анкара қаласында орналасқан Гази университетінің доценті, ғалым-түрколог Джемиле Кынаджы мен Мұрат Әуезовты арнайы марапаттады. Бір қызығы ағартушылық клубтың дәстүрі бойынша, осы ұйымның қатарына қабылданған әрбір азамат қымыздан міндетті түрде дәм тату керек. Бұл үрдіс те тысқары қалмай Джемиле ханым мен Мұрат мырзаға да сахна төрінде, көпшілік қауым алдында қымыз ұсынылды. Сондай-ақ, Мұрат Әуез түрік тілінде жазылған Низами ақынның өлеңін оқып көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.

Биыл ғана ашылған «Акме» орталығының негізгі мақсаты халықаралық диалогтық алаңдар жасау, ғылыми-әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
Бүгінгі кемелді жиында салиқалар ойлар көп айтылды, осындай басқосулар жиі ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болары анық.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Казахстанцам заплатят 34 миллиона тенге за сообщения о взятках

Читали: 49 data-ad-slot="1867841055"> Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Семей.03.03.”Semeyainasy” – Антикоррупционная служба может выплатить почти 34 миллиона …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ