Домой / Новости / ВКО / Кино майталмандары Шәкәрім шаңырағында

Кино майталмандары Шәкәрім шаңырағында

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 25.09.2019. Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,актер,Көрнекті театр және кино актері,профессор,Қазақстанның театрлар ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімовпен және Кино ,театр актері,Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері Меруерт Өтекешовамен кездесу өтті.

  Кездесу университеттің 85 жылдық мерейтойына арналған «Шәкәрім университеті-ашық алаң» атты іс-шара циклінің жалғасы болды.Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,кино және театр сахнасының алыбы Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай «Театр.Талант.Тағлым» деп аталды.

  Еркін сұхбат түрінде өткен кездесуде пленарлық баяндамалар да оқылды.Атап айтатын болсақ «Қазақ театр және кино өнерінің хас шебері-Әмина Өмірзақова» тақырыбында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті.PhD доктор Маемиров Асхат Максимұлы баяндамалық жазбасын оқыды.Одан әрмен «Сахналық бейне жасаудағы Ә.Өмірзақованың актерлік шеберлігі» тақырыбындағы баяндамалық жазбасын театртанушы,өнертану докторы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Нұрпейіс Бақыт жалғастырды. «Әмина Өмірзақованың өмір белестері» тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,филология ғылымдарының докторы,профессор Еспенбетов Арап Сләмұлы сөз қозғады. «Метафизика: жан мен тән категорияларының үндестігі мен ерекшелігі» филология ғылымдарының PhD докторы,ақын Әубәкірова Қарлығаш Әділханқызы баяндамалық жазбасын оқыды.Сондай-ақ,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі,театр және кинематография басқармасының бассарапшысы Гүлнафиз Советханқызы қонақта болды.

  Кеш модераторы болған Шәкәрім университетінің ректоры Мейір Ескендіров Асанәлі Әшімовке Шәкәрім университетінің құрметті докторы атағын табыстады.Сондай-ақ Меруерт Өтекешова Шәкәрім медалімен марапатталды.

 Нұрзат Ғалбият

От Levi

Посмотрите также...

В Семее почтили память жертв политических репрессий

Читали: 42 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 31.05. “Semeyainasy” – Ежегодно в этот день, 31 мая, в стране …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ