Домой / Новости / Город / Колледж студенттері облыс әкімінің орынбасары Серік Қасымбекұлымен кездесті

Колледж студенттері облыс әкімінің орынбасары Серік Қасымбекұлымен кездесті

data-ad-slot="1867841055">

IMG_8705

Семей 16.02. «Semeyainasy»-  Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуына бағытталған бағдарламалары мен жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында елдің болашағын өркендетуге, халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылады. Ұзақ жылдар бойы сұрыпталған тың идеялардың жүзеге асуына барша қазақстандықтардың тигізер пайдасы орасан зор.

Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да бірталай түйткілді мәселелер көтерілді. Президент жаһандану заманында еліміздің өзге де алпауыт мемлекеттермен білім, ғылым, инновация, экономика жағынан иық теңестіре алатын деңгейге жетуіне жетелейтін 10 нақты міндетті атап көрсетті. Әсіресе, қазіргі таңда Елбасы тарапынан жастарға деген көмек айырықша екенін атап өткен жөн болар. Президентіміздің қай Жолдауын алып қарасақ та, жастардың алға қарай ілгерілеп дамуына басты назар аударылған.

Осы орайда, бүгін Елбасы Жолдауын жан-жақты талқылап, жастардың ойын біліп, еркін диалогты алаң құру мақсатында ШҚО әкімінің орынбасары Серік Қасымбекұлы Электротехника колледжінің студенттерімен кездесті.

Жиын барысында Серік Ақтанов колледждің соңғы үлгіде жабдықталған барлық кабинеттерімен танысып, осы оқу орнын басқарып отырған білікті басшы Азат Сарпековқа ризашылығын білдірді. Қазақстан бойынша колледждер арасында үздік ондыққа кірген ең беделді, болашағынан зор үміт күттіретін, жаңа технологиялармен еркін жұмыс жасай алатын, қарқынды дамып келе жатқан білім мекемелерінің бірі екенін айырықша атап өтті.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Как в Семее пройдёт праздник Крещение Господне

Читали: 75 data-ad-slot="1867841055"> Семей.17.01.”Semeyainasy” – В ночь с 18 на 19 января православный мир будет …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ