Домой / Новости / Город / Коллекционерлердің заттары көрмеге қойылды

Коллекционерлердің заттары көрмеге қойылды

data-ad-slot="1867841055">

колллекция 4 (1)

Коллекция жинау – адамның бойындағы ізгі қасиеттердің символы болып табылатын өзіндік өнер. Еліміздің әр өңірінде коллекция жинаумен айналысатын азаматтардың , бірнеше жылдар бойы еңбектеніп жинаған дүниелерін халыққа көрсету мақсатында көптеген көрмелер жиі ұйымдастырылады. Бүгін осындай ерекше көрмелердің бірі – қаламыздағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Коллекционер қоржынынан» деген атаумен жалғасын тапты.

Көрме экспозициясында келушілерге тарихтың өткен кезеңіндегі қоғамның өмірі мен өткенді еске түсіретін түрлі бағыттағы, өте сирек кездесетін пошта құттықтау хаттары, кітаптар, шай жинақтамалары, күйтабақтар, әдемі сувинерлер, монеталар, маркалар, өрт сөндіру көліктерінің жиынтықтары көрсетіліп , әрқайсысына жекелей тоқталып шолу жасалды.

колекция 2

Сонымен қатар өлкетанушылар Рыковтар мен Жуковтар отбасын ерекше атап өткен жөн болар. Себебі Наталья Рыкова 30 жылдай жинақтаған әр ұлттың ұлттық киімдегі сәндік қуыршақтарын, мерейтойлық кесте медальдарын, вексельдер топтамаларын таныстырса, ал Жуковтар әулеті  болса шамдар мен фарфордан жасалған мүсіндерін көрермендерге ұсынып, өздері барлығына толық ақпарат беріп өтті.

коллекция 3

Мыңға жуық жәдігерлер қойылған көрме тарихи фактілер мен оқиғалардың куәсі ретінде болғандықтан, келуші меймандардың көңілінен шықты деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар.

Ғанибек Түсіпбек

 

 

 

 

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Как в Семее пройдёт праздник Крещение Господне

Читали: 69 data-ad-slot="1867841055"> Семей.17.01.”Semeyainasy” – В ночь с 18 на 19 января православный мир будет …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ