Домой / Новости / ВКО / Курчатов қаласына Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова келді.

Курчатов қаласына Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова келді.

data-ad-slot="1867841055">

IMG-20180703-WA0010

Семей. 04.07.”Semeyainasy” – Курчатовта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» жобасына орай қала әкімі Алмас Оңдақановтың  ұсынысымен  Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова Алматыдан арнайы келді. Курчатовта Зейнеп апамен кездесуге келген халықтың санында шек болмады. Бір қарағанда, халық саны аз  болып көрінетін қала туған тіл мен дінге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген сағынышын, ең бастысы Зейнеп Ахметоваға деген ыстық ықыласын бірден аңғартты. Кеш «Бабамнан қалған мұра ізеттілік,арымды қойғам соған күзеттіріп» деп аталды.

IMG-20180703-WA0014

-«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»  бейбіт заман еншімізге берілсе де, жаһандану заманында өз ұлтымызды сақтап қалу үшін,  күресуіміз керек. Бұл дегеніміз тіл, діл, дін, салт-сана, əдет-ғұрып, дəстүрдің озығы»-деген Зейнеп апа рухани кеш барысында халық, ұлағатты əңгіме мен келелі кеңеске ұйып, көкейінде жүрген сұрақтарын жаудырды.

Қала əкімі Алмас Оңдақанов ұлттық жол-жоралғыға сай, шапанын жауып, ақ боз ат мінгізді. Көрермендер арасынан батыр атасының құрметіне Бауыржан атанған ұл шығып, Зейнеп апайға гүл шоғын ұсынды.

-Зейнеп апа батыр Бауыржан Момышұлы жайлы жүрекке жылы тиетін аяулы, сағынышқа толы естелігімен бөлісті,-деді осы шараны ұйымдастырушы Курчатов қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Алтынай Сүлейменова,-кездесуге жиналған жұрт Зейнеп Ахметованың  «Бабалар аманаты», «Шуақты күндер», «Күре тамыр» атты кітаптарын әкеліп, қолтаңбасын алғандарында қатты қуанғандықтарын байқадым.

IMG-20180703-WA0016

Бұдан соң Зейнеп Ахметова Курчатовтағы 3514 Әскери бөлімінде болды. Әскери бөлімнің командирі Ақылжан Ақылбеков батырдың келінін құрметпен қарсы алып, сарбаздармен жүздестірді. Зейнеп Ахметова осында әскери борышын атқарушы әр сарбаздың қал-жағдайын сұрап, олармен Отанды қорғаудың парыздылығы мен маңыздылығы жайлы әңгімелесті.

IMG-20180703-WA0007IMG-20180703-WA0012

Содан кейін «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Курчатов қаласындағы «Даңқ аллеясын» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шахмұрат Тулеутаевпен бірге ашып, тұсаукесер рәсімін жасады.

IMG-20180703-WA0018IMG-20180703-WA0020

Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталықтың музейін тамашалаған Зейнеп Ахметова апамызды бұл жерде де құрметпен қарсы алып, сый-сыяпат, жөн-жоралғысын жасады. Семей ядролық сынақ полигонын басқару тетігін көріп, сынақтардан зардап шеккендер жайлы деректі көрмені тамашалады. Зейнеп Ахметованың келесі сапары Абай ауданында жалғасты. Бұдан кейін ол Алаштың рухани астанасы Семей қаласына сапар шекпек.

Раушан Нұғманбекова, суреттер автордыкі

Курчатов қаласы.

 

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

За прошедшие сутки в РК выявлено 826 заболевших коронавирусом

Читали: 39 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 28.11. “Semeyainasy” – За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 826 заболевших …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ