Домой / Новости / Город / Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері

Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 06.12. “Semeyainasy” – “Отан отбасынан басталады” деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген бар. Отбасын  бір шағын ғана мемлекет деп алсақ, оның басшысы әрине отағасы. Қызметі мен қоса, үлкен бір мемлекетті басқарып отырған ер азаматтар  құрметке лайық. Сондай азаматтардың бірі Керімбаев Нұрлан Жүрсүнбекұлы. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Бүгін де қаламыздағы Шығыс өңірлік қолбасшылығының мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бастығы.

Қызметін мерзімді қызметтен бастаған мерейлі азамат, келісім-шарт бойынша әскери қызметте қалады.Бірнеше жылдан кейін офицер болып, бүгінгі күнгі бөлім бастығы деңгейіне дейін жетті. Әрине, қарапайым сарбаздан, аймақтық қолбасшылық қызметке дейін жету әр әскери қызметкердің қолынан келе бермесі анық. Дегенмен, «Шын шеберге тұсау жоқ» демекші өз ісінің маманына, Отанының нағыз патриотына қызметін сүюге ешқандай кедергі болмасы мәлім.

Отан алдындағы қызметін адал атқара жүріп, отбасының береке-бірлігіне ұйытқы болып отырған Нұрлан Керімбаев бүгін де 4 бала тәрбиелеп отырған, сондай-ақ жақында отбасындағы кезекті толығуды күтіп жүрген ардақты әке. Отанға деген ыстық сезім- жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталатыны белгілі. Ал, сүйіспеншілігі мол отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп тұрады. Ұлт болашағын тәрбиелеп отырған ұлтын сүйген азаматтарға отбасының кеңейе беруін тілейміз!

Наргиз КАМБАЕВА

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Хлеб подорожал на 11% за год. Дороже всего он обходится жителям нефтяных регионов, ВКО и столицы

Читали: 27 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 15.07. “Semeyainasy” – Стоимость хлеба в среднем по РК за год …

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ