Последние новости
Домой / Новости / Город / Көркем гимнастикадан қалалық ашық чемпионат

Көркем гимнастикадан қалалық ашық чемпионат

data-ad-slot="1867841055">

gimnastika (1)

Семей 22.02 «Semeyainasy» – Көркем гимнастика – музыка сазымен өрнектеліп, арнаулы затпен гимнастикалық жаттығулар орындалатын спорттық жарыс. Сонымен қатар дене сұлулығын қалыптастырып, жас жеткіншектерді әдемілікке,  көркем шеберлікке үйрете алатын, әлемге жұмсақтық, жылу және нәзіктік сыйлайтын, шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін ең күрделі спорт түрлерінің бірі деп айтсақ та артық айтпағанымыз. Қыздар арасындағы гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді, сол уақыттардан бастап олимпиада ойындарында, әлем біріншіліктерінде түрлі қиын элементтерді орындап жарқ еткен, жер жүзіне танымал , есімі аңызға айналған, би жанрына құштар бірталай балаларға үлгі боларлық  азаматшалар өте көп.

Қазақстанда гимнастикадан  Республикалық чемпионат тұңғыш рет  1949 жылы өткен болатын. Ал қазіргі таңда  көркем гимнастика елімізде қарқынды дамып, көптеген қалалық, облыстық, халықаралық сайыстар жиі ұйымдастырылады. Бүгінде осындай спорттық додалардың бірі – шаһарымыздағы №2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінде Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің тікелей бастамасымен  көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында ашық чемпионат өтті.

Жарыстың негізгі мақсаты – спортшылардың деңгейін анықтау, 2018 жылы Республикалық додаларда өңіріміздің  намысын қорғайтын, нағыз мықты гимнастшыларды іріктеу болып табылады.

Барлық қатысушы қыздар әділ-қазылар алқасы алдында  1,5 минут ішінде  өздерінің әртістік қабілеттерін көрсетіп, , шеңбер, доп, ұршық, лента және т.б заттарды пайдалана отырып, ырғақты музыкаға мәнерлеп биледі.

Жас спортшыларымыздың өнеріне әділ төрелік ете білген, жекелей және командалық талай чемпиондарды тәрбиелеген, жоғары санаттағы тренерлер Елена Южакова мен Татьяна Анатольевнаны айырықша атап өткен жөн болар.

Жеңімпаздардың тізіміне көз жүгіртетін болсақ, «B» тобында І-ші, ІІ -ші және ІІІ -ші разряд бойынша 1-орынға Кәусар Хамитова, Дарья Филоненко, Алина Мусина, Лейла Увалиева лайық деп танылды. Сондай-ақ Алина Цемкина, Айгерім Аманбаева, Виктория Молчанова, Полина Дементьева, Наргиз Мусина, Амина Дәуренқызы, Елдана Қайырғалиева, Айым Айтпек, Медина Женисбекова жүлдегерлер қатарынан көрініп, жақсы нәтижие көрсете білді.

Ғанибек Түсіпбек

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

В Восточном Казахстане состоялось открытие литературной выставки «30 лет созидания – 30 лет достижений»

Читали: 49 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 27.01. “Semeyainasy” – Открытие праздничной литературной экспозиции, посвященной 30-летию независимости Казахстана, …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ