Семей.17.10. “Semeyainasy” – Латын әліпбиіне көшу мәселесі қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Бүгін осы тақырып төңірегінде Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Латын әліпбиі – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Басқосуға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің доценті, «АКМЕ» халықаралық ағартушылық клубының жетекшісі Арай Жүндібаева қатысып, латын әліпбиінің ел үшін аса қажеттілігін, осы жазу қарпіне көшу арқылы әлемдік өркениетте қазақ тілінің мүмкіндігі артатынын айтты.
Жиынға сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, тіл мамандары, қала мектептері мен жоғары оқу орындарының кітапханашылары қатысты.
Аталмыш шара соңында кітапханашы Жаңылгүл Мажитова қатысушыларға Алаш арыстары туралы тың деректерді таныстырды. «Латын қарпіндегі басылымдар» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ғанибек Түсіпбек