Домой / Новости / Город / Мектебімізде үнді мәдениетінің күндері өтті.

Мектебімізде үнді мәдениетінің күндері өтті.

data-ad-slot="1867841055">

Семей. 08.12. «Semeyainasy»Үндістан  тарихы тым ертеден бастау алған, бүгінгі заманауи ғылымдардың көпшілігінің негізі қаланған ел. Өзіндегі мәдениетпен әлем жұртшлығының назарын аударып отырған алып мемлекетпен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнаған. Қазір қос мемлекетті тек қана сауда-саттық, экономика ғана емес, ғылым мен технология, мәдениет, өнер, білім, ақпарат, спорт салалары байланыстырады.
Бүгінде Үндістан өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына ерекше мән беруде. Нәтижесінде өз елінің көптеген қалаларында «JBCN» халықаралық бакалавр статусы бар мектеп ашып, бәсекеге қабілетті шәкірттер тәрбиелеуде. Аталмыш мектеп өз оқушыларына «IB», «A-LEVEL», «IGCSE» сынды танымал бағдарламалармен дәріс береді.
Семей қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі осы мектеп ұжымымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында әріптестік байланыс орнатқан. Күні бүгінге дейін екі мектеп ұжымы скайп арқылы байланысып, ұстаздары оқушыларға онлаин сабақ та өткізген еді.
Енді міне ортақ байланысты тереңдету үшін тараптар жаңа бір қадамға барып отыр. Соның жарқы көрінісі ретінде  – мектебімізде желтоқсанның 4  8 аралығында Үнді мәдениетінің күндері өтуде. Мақсат  мәдениет аралық қатынасты дамыту, оқушылардың Үнді елі жайлы ақпаратпен мейлінше қанығуына мүмкіндік жасау.
Семей қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өтіп жатқан Үнді мәдениеті күндерінің аясында шәкірттеріміз ой қиялдарындағы Үнді елін қылқалам арқылы жеткізуге тырысты. Оқушыларымыздың салған суреттері мектебіміздің дәлізіне қойылып, ұстаздар мен сыныптас, құрдастарының назарына ұсынылды.
Оңтүстік Азияда орналасқан алып елдің мәдениетіне ерекше қызығушылық танытатындардың бірі  9 «А» сыныбының оқушысы Тұрар Кәметай. Әсіресе, үнділік сәулет өнеріне таңырқайтындығын жасырмаған әуесқой жас суретші «Тәж – Махалды» өз қиялы бойынша қағаз бетіне түсірген.
– Мен өзім салған сурет арқылы «Тәж -Махалдың» ерекше орын екенін айтқым келді. «Тәж  Махал» өлмес махаббатың нышаны болып табылатын әлемдегі жеті кереметтің бірі екенін көпшілігіміз білеміз. Ол осыдан бірнеше ғасыр бұрын салынса да, архитектурасы кез-келгенді қызықтырмай қоймайды. Жалпы Үндістанда мені қызықтыратын әдемі орындар жетерлік. Мектебімізде өтіп жатқан шараның арқасында біз Үнді мәдениетіне тағы бір мәрте жақындай түстік десе, Мұхамедәли Мұқатай: «Мен сурет көрмесіне пілді салдым. Піл  үнділіктер үшін қасиетті хайуанаттардың бірі деп білемін. Салған суретім арқылы адамзатты бізді қоршаған табиғаттың бір байлығы хайуанаттарды сақтауға оларды қорғауға шақырамын», – дейді 8 «М» сыныбының оқушысы.
Мектеп басшылығы алдағы уақытта үнділік әріптестерімен тығыз қарым қатынаста болып, қос ел оқушыларының білім көкжиегін кеңейтуде бірлесе жұмыс атқара беруді көздеп отыр. Осыған сәйкес келер жылы «JBCN» халықаралық бакалавр статусы бар мектепте Қазақстан күндері өтеді деп жоспарланды.

Семей қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев зияткерлі мектебінің баспасөз қызметі.

От Semeyainasy news

Посмотрите также...

Помощь «Дому мамы»  

Читали: 35 data-ad-slot="1867841055"> Семей. 22.01. “Semeyainasy” – Образ женщины с младенцем на руках – это …

Добавить комментарий

СЕМЕЙ АЙНАСЫ

СЕМЕЙ АЙНАСЫ